Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексінің маңыздылығы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексінің маңыздылығы

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексі 2020 жылы 29 маусымда қабылданды және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

ҚР Жоғарғы Соты және ҚР Әділет министрлігінің білікті заңгерлері шетел және бұрыңғы кеңестік мемлекеттердің халықарлық стандарттарға сәйкес тәжірибелеріне сүйене біздің елімізде аталған Кодекстің қабылдануына көп жұмыс жасады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексі бойынша азамат мемлекеттік органның шығарған әкімшілік актісімен келіспейтіні туралы «талап қоюмен» жүгінсе жеткілікті. Сот талап қоюшыға талап қоюды дұрыс толтыруға, формальды қателерді түзетуге, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеп, өзінің шығарған шешімінің орындалуын бақылайды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексте сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинай алады. Сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді жүзеге асырады, осылайша іске төрағалық етуші судьяның азаматтың талап-арызын түзетуге, оған құқықтық жағынан қолдау көрсетуге мүмкінгі болады, яғни әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеуге құқылы. Бұл заң аясында судьяға жаңа өкілеттіктер мен құқықтар беріліп отыр, яғни, судья әкімшілік істің нақты және заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы. Бұрынғы заң бойынша судьяға ондай құқық берілмейтін. Судья іске байланысты өз пікірін айтуға тиіс емес болатын. Жаңа кодексте татуластыру рәсімдері кеңінен қамтылған. Тараптар дауды татуласу, медиация не партисипативтік жолымен аяқтауға шешімге келсе, онда келісім жазбаша түрде жасалады, оған екі тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды. Судья дауды процесс барысында реттеуге көмектеседі, тараптардың татуласуы үшін қажетті шаралар қабылдай алады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодекстің мақсаты – азаматтардың басқарушылық шешімдер қабылдауға белсенді қатысуына, жоғары тұрған органдар мен сотта билік органдарымен арадағы дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік беретін кепілдемелер жиынтығын жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексінің тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басақаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуын қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексінің жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын әділ, бейтарап және уақытылы шешеді.

Қоғам бір орында тұрған жоқ. Адамзат барлық салада прогресске ұмтылуда. Әр салада өзіндік жаңашылдықтар пайда болуда. Өзіміз күнделікті қолданып жүрген гаджеттерсіз өмірімізді елестету қиынға соғады.  Күнімізді тиімді пайдаланып байланысқа желілер арқылы шығу үшін смартфон қаншалықты қажет болса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексінің еліміздің құқықтық саласындағы жария-құқықтық қатынастарды реттеуге  қажет жаңашыл кодекс. 

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасының м.а. Р.Ақпар

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.