МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР –  ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР – ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА

 

Бәрімізге ортақ қоғамда өмір сүріп отырған жеке тұлғалар белгілі бір әдепке сай қарым-қатынас жасайтыны белгілі. Ал, күнделікті қызметте, тұрғындардың түрлі уәждерін ескеріп, олардың мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшіге тиісті әдеп нормаларын сақтау басты міндет болып есептеледі. Мемлекеттік қызметшілердің басты ережесі «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен бекітілген.

      Бұл кодекс мемлекеттік қызметкерлердің қызметтегі және күнделікті өмірдегі жүріс-тұрыстарының жаңа стандартын қамтиды. Соған сай мемлекеттік органдарда оны қадағалайтын әдеп жөніндегі уәкіл бар.

     Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларының сақталуымен қатар, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне қайшы әрекеттерінің алдын алу жұмыстарымен айналысады.

     Мемлекеттік қызметші болу үлкен жауапкершілік. Оның әр қимыл қозғалысы, адамдармен қарым-қатынасы қоғам назарында. Сондықтан да, ол мемлекеттік қызметшінің моралдық бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінуге тиіс. Мемлекеттік қызметшілер жеке өмірінде ұқыпты, өз ісімен өзгеге үлгі болуды естен шығармағаны дұрыс. Олардың күнделікті міндеттері жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасау арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін көтеру мақсатында «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығын әзірлеген.

     Мемлекет, біздің қоғам білікті мамандардан жоғары деңгейдегі білім мен ізденісті талап етеді. Ел ісіне араласқан кез келген маман Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы, қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық танытуға міндетті.

   Ол мемлекет айнасы. Қоғам әрбір мемлекеттік қызметшіден үлгілі елдің ұланын көргісі келеді. Ал, ел сенімінен шығу, соның жолында барын салу – әрбір қызметкердің абыройлы міндеті.

Ақжайық аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ақмарал Нұрым.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.