Еңбек дауларының туындау мәселелері

Еңбек дауларының туындау мәселелері

Еңбек даулары бүгінгі күннің өзінде әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі ретінде қалып отыр.  Соттарға келіп түсетін істердің басым көпшілігі еңбек ақыны өндіріп алу,  жұмысқа қалпына келтіру, тәртіптік  жазаға тарту туралы бұйрықтарды даулау туралы талаптармен байланысты.

Қазақстан  Республикасының  Еңбек кодексінің 21-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастары жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында заңға сәйкес жасалатын еңбек шартының негізінде туындайды. Яғни, заңда жұмыс берушінің де, жұмыскердің де құқықтары мен міндеттері нақты белгіленген.

Алайда, көптеген жұмыс берушілер - мекемелер, ұйымдар, жеке кәсіпкерлер заңда белгіленген талаптарға қайшы әрекеттерге жол береді. Іс материалдары бойынша жұмыс берушілер жұмыскермен  еңбек шартын жасаспайды, жұмысқа қабылдау туралы құжаттар рәсімделмейді, төленуі тиісті еңбек ақыны кешіктіріп, ай сайынғы міндетті төлемдер жүргізілмейді.

Нәтижесінде жұмыскер бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін сотқа талап арызбен жүгінеді.

2020   жылы  елорда  соттары  еңбек дауларымен байланысты 784  іс қараған,  ал  2019 жылы осы санатты 1127 іс қаралған екен.  2020 жылы 126 еңбек дауы тараптардың бітімге келуімен қысқартылған, дәл осындай тараптардың татуласуымен 187 іс  2019 жылы қысқартылған.  Ал биылғы жылдың  мамыр айына дейін  соттарда  332  іс қаралып,  оның 54-і бойынша  дау екі тараптың уағдаласуымен аяқталған.

Жалпы еңбек дауларын сотқа жеткізбей шешудің жолдары жетіп артылады.  Еңбек дауларының санын азайту мақсатында алдын-алу шаралын жүргізу аса маңызды. Осы орайда, еңбек заңнамасын сақтау, бұзушылықтарды жою бойынша  және дауларды  сотқа дейін реттеудің  артықшылықтары жайлы кәсіпорындар мен  мекемелерде  түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.  

Еңбек дауларының алдын алуға болады, болмаса  бұл  мәселені  татуласу рәсімдерінің түрлерін қолдану жолымен  сотқа  дейінгі  тәртіппен де реттеуге болады.   

Сонымен қатар,  Қазақстанның  халық партиясының депуттары  жаңа саяси институт – жұмыскерлердің  бұзылған еңбек құқықтарын  қорғауға негізделген еңбек құқықтары бойынша уәкілеттіні құруды ұсынды.

Бұл шара да өз кезегінде жұмыс берушілердің заң нормаларына сәйкес жұмыс жасауына және жұмыскерлердің  бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. 

Нұр-Сұлтан қаласының соты ақпараттық қамтасыз ету бөлімінің басшысы

Ботагоз Баянова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.