Өтініштерді беру және қарау тәртібі

Өтініштерді беру және қарау тәртібі

Заңда өтініштердің (өтініштер, шағымдар, ұсыныстар, жеке өтініштер, ұжымдық өтініштер, жазбаша өтініштер, ауызша өтініштер, Электрондық өтініштер, қайталама өтініштер, анонимдік өтініштер) нысандары айқындалған, атап айтқанда:

* арыз - өтініш берушінің құқықтарын, бостандықтарын және (немесе) заңды мүдделерін іске асыруда жәрдем көрсету туралы оларды бұзумен байланысты емес қолдаухат, сондай-ақ заңнама актілерінің бұзылуы, Мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың (лауазымды адамдардың), дара кәсіпкерлердің жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлама;

* шағым – ұйымдардың, азаматтардың, оның ішінде жеке кәсіпкерлердің әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) бұзылған өтініш берушінің құқықтарын, бостандықтарын және (немесе) заңды мүдделерін қалпына келтіру туралы талап;

* ұсыныс – ұйымдардың, жеке кәсіпкерлердің қызметін жақсарту, мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру, мемлекет пен қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік және басқа да қызмет салалары мәселелерін шешу бойынша ұсынымдар.

Заңда белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға және тіркелуге тиіс. Лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде өтінішті жан-жақты және толық қарауға, оны объективті шешу үшін қажетті шаралар қолдануға және қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер туралы арыз берушілерге хабарлауға, заңда көзделген жағдайларда өтініштерге берілген жауаптар мен өтініштерді мәні бойынша қараусыз қалдыру туралы шешімдерге шағым жасау тәртібін түсіндіруге міндетті.

Өтініштерге қойылатын талаптар

Өтініштерге толық, жылдам және дұрыс ден қою мақсатында Заңда азаматтардың өтініштеріне мынадай талаптар белгіленген:

- өтініштер қазақ немесе орыс тілінде жазылады;

- жазбаша өтініштер (ескертулер мен ұсыныстар кітабына енгізілген ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды қоспағанда) мыналарды қамтуы тиіс:

* * өтініш жіберілетін ұйымның атауы және (немесе) мекенжайы не тұлғаның лауазымы;

* * азаматтың тегі, өз аты, әкесінің аты (егер бар болса) не аты-жөні, оның тұрғылықты жерінің (болатын жерінің) және (немесе) жұмыс (оқу) орнының мекенжайы);

* * өтініштің мәнін баяндау;

* * азаматтың жеке қолы (өтініш электрондық түрде берілген жағдайда – оның электрондық поштасының мекенжайы).

Өтініштің мәтіні оқылуға жататын болуы тиіс. Қолжазба өтініштер анық, түсінікті жазылуға міндетті. Өтініштерде әдепсіз немесе қорлайтын сөздерді немесе сөйлемдерді қолдануға жол берілмейді. 

Өтініштерді беру және қарау тәртібі

Заңға сәйкес өтініш берушілер өтініштерді жазбаша немесе электрондық нысанда береді, сондай-ақ ауызша баяндайды. Бұл ретте заңда өтініштің әрбір түрін берудің нақты нысандары көзделген. Атап айтқанда, жазбаша өтініштер қолма-қол (курьермен), пошта арқылы, жеке қабылдау барысында, ескертулер мен ұсыныстар кітабына ескертулер және (немесе) ұсыныстар енгізу арқылы беріледі. Ауызша өтініштер жеке қабылдау барысында баяндалады. Сондай-ақ, электрондық өтініштер ұйымдарға ғаламдық Интернет желісі арқылы олардың электрондық поштасының мекенжайына жіберіледі және олардың ресми сайттарындағы арнайы айдарда орналастырылады. Форумдарда, әртүрлі бейінді емес айдарларда орналастырылған, сондай-ақ факс, телефонограммалар және т.б. арқылы жіберілген өтініштерге Заңның күші қолданылмайды.

Өтініштерде баяндалған мәселелерді шешу құзыретіне жатпайтын ұйымдарға келіп түскен жазбаша өтініштер бес күн мерзімде бұл туралы азаматтарға хабарлана отырып, тиісті ұйымдарға жіберіледі не сол мерзімде олар бойынша мәні бойынша қараусыз қалдыру туралы шешім қабылданады және азаматқа мәселелерді шешу үшін қандай ұйымға және қандай тәртіппен жүгіну керектігі жазбаша түсіндіріледі.

Жазбаша өтініштер, егер оларда баяндалған барлық мәселелер шешілсе, тиісті шаралар қабылданса және азаматтарға жеке және заңды тұлғаларды қарау тәртібі туралы ҚР заңнамасында көрсетілген мерзімдерде жазбаша жауаптар берілсе, мәні бойынша қаралды деп есептеледі.

Егер өтініштерде баяндалған мәселелерді шешу үшін өтініш берушілердің қатысуымен белгілі бір әрекеттер жасалса (жұмыстар орындалса, қызметтер көрсетілсе), жазбаша жауаптар жіберілмейді. Мұндай өтініштерді мәні бойынша қарау нәтижелері өтініш берушілердің өтініштерге тиісті жазбалар жасауы не өтініш берушілердің қолдарымен куәландырылған ескертулер мен ұсыныстар кітабында немесе осы әрекеттердің жасалғанын (жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін) растайтын жеке құжат жасау арқылы ресімделеді.

Өтініш берушінің тиісті жазбаша өтініш беру арқылы өзінің өтінішін мәні бойынша қарағанға дейін оны кері қайтарып алуға құқығы бар. 

Өтініштерді қарау мерзімдері

Өтініштерді қарау мерзімі олардың ұйымда тіркелген күнінен бастап айлармен немесе күнтізбелік күндермен есептеледі.

Жазбаша өтініштер, егер заң актілерінде өзгеше мерзім белгіленбесе, - он бес күннен кешіктірілмей, ал қосымша зерделеу мен тексеруді талап ететін өтініштер бір айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс.

Егер өтініштерде жазылған мәселелерді шешу үшін белгілі бір іс-әрекеттер жасау (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету), шет мемлекеттен бір ай мерзімнен асатын мерзімде ақпарат алу қажет болған жағдайда, өтініштерді қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап бес күн мерзімде өтініш берушілерге бір ай мерзімнен асып кету себептері және осындай іс-әрекеттерді жасау (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мерзімдері немесе мәні бойынша қарау мерзімдері туралы хабарланады. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының жетекші маман А.Зейнулла

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.