Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың құқықтық негіздері

Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың құқықтық негіздері

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өзі осы мәселеге бейжай қарамай, қайта-қайта қозғап, келелі ұсыныстар талап етуіне байланысты үкімет тарапынан бірнеше бағдарламалар жасалғаны белгілі. Соның нақты айғағындай, 2006 жылғы 25 қыркүйектегі  «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-атқару саясатын жетілдірудің 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» № 906 Жарлығының негізінде, қылмыстық субмәдениеттің бас бостандығынан айыру орындарында сотталған азаматтардың түзелуіне кері әсерін тигізіп, олардың қылмыс жасауларына түрткі болып жатқаны және осы тұжырымдаманың негізгі мақсаттарының бірін құрайтын бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстық субмәдениетпен күресудің тиімді жолдарын әзірлеу тапсырылған болатын. Сонымен бірге 2009 жылы 24 тамызындағы № 858 «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» Жарлығына және 2015 жылы 20 мамырдағы «100 нақты қадам» бағдарламасының «Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру» жайы сөз болатын 33-қадамына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталған азаматтардың түзелу жолдары мен қоғамға қайта бейімдеудің тиімділігін арттыру туралы мәселелер осының қатарында, өзектілігін жоймай отыр

Кез  келген  жаза  белгілі  бір  субъект  үшін  қандай  да  бір  өмір  игілігінен  айырылу,  күйзеліске  түсу  болып  табылады. Бас  бостандығынан  айыру  жазасын  тағайындағанда  қоғамның   басқа  мүшелеріне  қарағанда  сотталғанның  құқықтық  жағдайы  едәуір  шектеледі. Атап  айтсақ,  оның  саяси,  еңбек,  отбасы  және  басқа  құқықтары  шектеледі, ол  заңда  көзделген  жағдайларда  мәжбүрлеудің  еркше  шараларына  ұшырауы  мүмкін.  Бас  бостандығынан айыру жазасы сотталғандардың құқықтарын шектейтін ең қатаң жаза түрі болып табылады, себебі қазіргі кезде өлім жазасы  қолданылмайды. Қоғам үшін едәуір қауіпті қылмыс жасалып, оны жасаған  адамды қоғамнан оқшауламай түзеу мүмкін емес болған жағдайда ғана бас  бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Қолданылуының жиілігі бойынша жазның  бұл түрі басқалардың  алдында келеді. 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» №4 нормативтiк қаулысында: «Соттар заң бойынша көзделген жазалардың iшiнен жазаның неғұрлым қатаң түрi - бас бостандығынан айыру жазасын жазаның басқа түрлерiн қолдану кезiнде сотталушылардың түзелуi мүмкiн болмаған және жаңа қылмыстардың алдын алу мүмкiн болмаған жағдайларда ғана қолданылатынын ескерулерi қажет. Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда оның мөлшерi туралы мәселе жазаның мақсатына қол жеткiзу үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан шешiлуге тиiс.

Бас бостандығынан айыру сияқты жазаның болуы қажет екендігіне  қарамастан, оның  белгілі  бір  теріс әлеуметтік зардаптарын да ескермей  болмайды. Бұларға сотталған адамның отбасының, әсіресе оның  балаларының  материлдық  жағдайының  төмендеуін, сондай-ақ  әкесіздік  проблемасын,  ерлі-зайыптылардың ажырасуларын, бас бостандығынан айыруға алғаш  сотталғандардың  қылмысты  ортаның «әдет-ғұрыптарына»  ие  болудың  кері  салдарын  және  басқа  да  талай  мән  жайларды  жатқызуға  болады. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас маман - сот мәжілісінің хатшысының м.а.

Ожаева Салтанат Мұхтарқызы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.