Ювеналдық соттың судьясы «АQJAI`YQ» тікелей эфирінде сөйледі
Қазіргі кезде қоғам алдында тұрған кезек күттірмейтін, және әлеуметтік маңызды міндеттердің бірі, әрине, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың өсуін азайту, және олардың алдын алу тиімділігін арттыру жолдарын іздеу.
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жанар Ешпанова «АQJAI`YQ» телеарнасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу» бағдарламасына қатысты.
Судья өзінің тікелей эфиріндегі сөзінде БҚО ювеналдық сотының 2020 жылғы және 2021 жылдың 1 тоқсанына дейінгі кезеңіндегі жұмысының нәтижелерін, ювеналдық сот жұмысының тиімділігін және кәмелетке толмағандарға қатысты істерді қарау барысында іс материалдарын мұқият зерделеуді, сонымен қатар, әрбір кәмелетке толмағандарға жеке көзқарасты қажет ететіндігін, құқық бұзушылықтың түрлерімен, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің негізгі тармақтары туралы аттап өтті.
Қорытындылай келе, Ж.Б.Ешпанова, балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқулар уақытында байқалып, дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық көмек құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға соқтыруы мүмкін жағдайлардың алдын алуда маңызды рөл атқара алады деп атап өтті.
[xfvalue_img]