Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілді қолданудың артықшылықтары туралы

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілді қолданудың артықшылықтары туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып есептеледі.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркістан өңіріне жасаған сапарында берген сұхбатында, «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады. Осы тұрғыда, балабақшаларда, мектептерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді назарда ұстау қажет. Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз» деген .

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңның 4-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi» деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексінің 14-бабына, Қылмыстық процестік Кодексінің 30-бабына, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 738-бабына,  сәйкес «сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады» делінген.

 Сот жүйесіндегі мемлекеттік тіл мәселесі ондаған жылдан бері қозғалып келеді, әлі де ондаған жылдар қаралатын болады. Тілді пайдалану, оның мәртебесін арттыру бір ұрпақтың ғана еншісінде емес. Оған жүйелі түрде келіп, эволюциялық тұрғыда, яғни, саналы түрде жетуіміз қажет.

Қазіргі таңда сот жүйесінде, сот өндірісі басым көпшілігінде орыс тілінде жүргізілуде, оның басты себебі, сотқа түсетін талап арыздардың, хат-барламалардың орыс тілінде келіп түсуінде. Яғни, келіп түскен өтініштің тілі қандай болса, сот өндірісі де сол тілде жүргізіледі. Солтүстік, шығыс өңірлердегі және Республикалық маңызы бар қалалардағы, облыс орталықтарындағы соттармен қаралған істердің ішінде, мемлекеттік тілде қаралғандар үлесі өте төмен, басым көпшілігі орыс тілінде қаралады.

         Бұл дегеніміз сот қызметіне жүгінушілердің өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік тілде қарауды қажет етпейтіндігінің белгісі. Осы арада халықпен тығыз жұмыс жасау қажет, себебі сот жүйесі мен судьялар мемлекетттік тілде арыздарды қарап, сот өндірісін жүргізуге әзір. Судьялар мен мамандардың арасында тұрақты түрде мемлекеттік тілді меңгеру және жетілдіру семинарлары өткізілуде. Бірақ оны қолдану аясындағы тәжірибе аздық етеді.

         Әрине бұл арады келіп түскен өтініштің тілін елемей істі тек қана мемлекеттік тілде қарау дегенді білдірмейді, бұл дегеніміз халықтың арасында насихат жұмыстарын жүргізіп, арызды, өтініштерді мемлекеттік тілде ұсынудың тиімділігін көрсетуді білдіреді. Мемлекеттік тілде істі қараудың келесі артықшылықтарын атауға болады:

         Біріншіден, ол қазақ тілін білетін, түсінетін, өз ойын жеткізе алатын азаматтардың сотта өз пікірлерін, дәлелдемелрін, қарсылықтарын еркін білдіруінде;

Екіншіден, сот мәжілісі бойынша іс-қағаздардың бір тілде жүргізілуінде, яғни оның орыс тілінен қазақ тіліне аударудың қажет болмауында;

Үшіншіден, қазақ тілі – өзіндік жазу, ауызекі сөйлеу нормасы қалыптасқан бай тіл. Мемлекеттік тілдің бай сөздік қорының арқасында өз ұстанымын мәнерлі, тианақты, әсерлі, астыртын жеткізуге болады;

Төртіншіден, оңтүстік өңірлерден, шет елдерден көшіп келген отандастарымыздың соттарда өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы ыңғайлық;

Бесіншіден, Сәкен Сейфуллин кезінде  «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды» деген, сондықтан кәсіби мемлекеттік тілді қалыптастырудағы белсенді қадамдардың жасалуында;

Алтыншыдан, мемлекеттік тілді халық арасында насихаттаудың бірден бір амалы, ол дегеніміз халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттырып, азаматтарымызды өтініштерімен мемлекеттік тілде жүгінуіне шақыру.

Жетіншіден, қазақ тілі бір ғана ұлттың, этностың тілі ғана емес, бұл мемлекеттік тілі. Әлемдегі 193 тәуелсіз елдің ішіндегі 95 мемлекеттік тілдердің бірі. Сондықтан да, оның жаһандық деңгейі біз ойлағанан әлде қайда жоғары. Осы арада әлемде 200 миллионнан астам түркі халқы бар десек, қазақ тілі осы халықтар үшін ортақ халықаралық тіл болуы әбден мүмкін.

Сегізіншіден, мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілетті болуы сол елдің азаматтарынан басталады, адам өзінің рухани және материалдық дамуын қамтамасыз ету үшін барлығын жасайды, білім алады, өзін өзі дамытады, тілдерді үйренеді, жұмыс жасайды, отбасын құрады, жаңа идеяларды туындатып, оны жүзеге асыруға тырысады. Міне осы жерде оның мемлекеттік тілді білуі және қолдануы өмірінің барлық сатыларында кездеседі. Және елімізде осындай адамдардың саны 19 миллионға жуық дейтін болсақ, бұл біздің тілімізге басқа көзқараспен қарап, оның шексіз мүмкіндігін пайдалануымыз қажет. Мысалы Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания, Скандинав мемлекеттерінің азаматтары - мәдениет, технология, сән әлемі, қоршаған ортаны қорғау, білім, ғылым, заң салаларында әрқашан жетекші орындардан қалмай келеді және олар өз туындыларын мемлекеттік тілде жазып, шығарып, көрсетеді, ал өзге елдер солардың тілінен өздеріне аударады. Бізде осы арада артта қалып қоймай Қазақстан деген әлемімізді өз жаңалықтарымызбен қызықтыруымыз қажет.

Айта берсек, мемлекеттік тілді қолданудың, мемлекеттік тілде сот ісін қараудың артықшылықтары жетерлік, соны қолға алып, сот органдарымен қоса халықпен тығыз жұмыс жасау керек. Оның пікірін біліп, ұсыныстарын қабылдап, уәждерін тыңдауымыз қажет. Сонда ғана, мемлекеттің тіл саясатын тиянақты, әрі сапалы жүзеге асыруға болады.

          Сөз соңын Алаш қайраткері, Халел Досмұхамедовтың «Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, бөтенеше жақсы сөйлесең, бұл – күйініш», - деген сөздерімен тәмәмдап, қазақ тілін білетін, меңгеріп жүрген барша азаматтарды, мемлекеттік тілді қызметте, тұрмыста, көшеде жиі пайдалануға шақырамын!

Хабар телеарнасына сілтеме. khabar.kz, https://khabar.kz/kk/zekti/item/111599-r-prez-de-t-asym-z-omart-to-aevty-s-baty 

Нұрсұлтан Әмірғали

Қостанай қалалық сотының жетекші маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.