АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МІНСІЗ ҚОРҒАЛМАҚ

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МІНСІЗ ҚОРҒАЛМАҚ

Биыл 1 шілдеден бастап елімізде Әкімшілік-рәсімдік процестік кодекс қолданысқа енгізілмек. Жалпы, бұған дейін қоғамда қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралатын болса,  енді сот ісін жүргізудің жаңа институты пайда болуда. Осыған орай жаңа кодекстің тиімділігі мен мән-маңызына тоқталсақ.

Әкімшілік-рәсімдік процестік кодекстің басты мақсаты – мемлекеттік, әкімшілік  құрылым  мен жеке тұлға арасындағы дауды тиімді шешу. Яғни  бұрын мұндай істер (жеке тұлға мен мемлекеттік құрылымның қатысуымен орын алған істер) азаматтық соттарда қаралып келгендіктен, мемлекеттік ұйымдардың бәсі басым болатын. Ал жаңа кодекске сәйкес мемлекеттік құрылым мен квазисектор өкілдері тек жауапкер болып табылады. Сонымен қатар, жаңа заң бойынша судья шешім шығарып қана қоймай, оның орындалуын қадағалайды. Лауазымды тұлға немесе жауап беруші тарап шешімді орындамаған жағдайда олардан 50-ден 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржы өндіріледі. Шешім орындалмайынша, судья ол адамды жауапкершіліктен босатпайды. Әкімшілік-рәсімдік процестік кодекс 4 бөлім, 175 бап 29-тараудан тұрмақ.

Сондай-ақ бұл кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 27, 28, 29-бөлімдері   ӘРПК-ға өтіп, күшін жояды. Кодекс тараптардың қоғамдық-құқықтық даулары бойынша қатынастарын және  әкімшілік процедураның өзін реттейді, сәйкесінше соттар ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік құрылымдар да әкімшілік кодекске бағынады. Яғни  азаматтар мемлекеттік органмен немесе әкімшілік органмен, басқа да лауазымды тұлғалармен дау туындаған жағдайда, осындай әкімшілік соттарға жүгінетін болады. Тек лауазымды тұлғалар ғана емес, квазисектордағы, мемлекетке бағынышты құрылымдар, мысалы, ұлттық компаниялар, мемлекеттің үлесі бар, мемлекет өзінің уәкілеттігін берген құрылымдар, тіпті Республикалық адвокаттар алқасы сияқты құрылымдардың өзі де осы заңның шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беретін болады

Егер шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке немесе әрекетсіздікке, шағымды қарайтын басқа органға талап қою арқылы сотқа шағым жасауға құқылы.

Жалпы айтқанда, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттырады, сондай-ақ еліміздің әлемдік стандарттарға, яғни Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Бұл дегеніңіз, Әкімшілік-рәсімдік процестік кодекс әділетті қоғамды қалыптастыру мен азаматтарды құқықтық қорғауда  маңызды құжат болмақ.

Гүлжихан АМАНТАЕВА,

Шыңғырлау аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.