Инвестициялық жобамен берілген пайдаланылмайтын жер учаскелерін қайтару бойынша жұмыс нәтижесі.
Өздеріңізге белгілі, жер заңнамасы саласындағы заңдылықты қадағалау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Соңғы жылдары инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жер телімдерін беру үрдісі байқалды. Көбінесе іс жүзінде бөлінген учаскелер тоқтап қалады, бизнес жобаларда көзделген Инвестициялар салынбайды, жер нысаналы мақсатта пайдаланылмайды
Жер телімдерін пайдаланбау, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың малын жаюға арналған жайылымдық жерлердің өткір тапшылығы халық арасында әлеуметтік шиеленісті тудыруы мүмкін.
Жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізу барысында Жетісу облысы Панфилов ауданының прокуратурасымен кадастрлық құны 88 млн. теңге құрайтын 9 мың гектарға жуық инвестициялық жобаға беріліп, алайда уақытылы іске асырылмаған жер учаскелері мемлекеттік жер қорына қайтарылды.
Бүгінгі күнде пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Жетісу облысының прокуратурасы
[xfvalue_img]