2021 жылы 255,1 млрд теңге сомасына 281 инвестициялық жоба іске асырылды – ҚР АШМ
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жалпы сомасы 4,4 трлн теңгеге 934 инвестициялық жобаның пулын жасады.
Бұл жобалар сүт-тауар фермаларын, құс фабрикаларын, репродукторларды, бордақылау алаңдарын, қант зауыттарын құру сияқты бағыттарды қамтиды.
2021 жылы 255,1 млрд теңге сомасына 281 инвестициялық жоба іске асырылып, пайдалануға берілді. Оның ішінде мал шаруашылығы саласында 145,4 млрд теңге сомасына 180 жоба, өсімдік шаруашылығы саласында 109,7 млрд теңге сомасына 101 жоба бар.
2022 жылы жалпы сомасы 581,1 млрд. теңгеге шамамен 312 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде келесі бағыттар бойынша:
- мал шаруашылығы саласында 259,1 млрд теңге сомасына 197 жоба;
- балық шаруашылығында 7,6 млрд теңге сомасына 7 жоба;
- өсімдік шаруашылығы саласынд 299,4 млрд теңге сомасына 99 жоба;
- азық-түлік өндірісінде 15,1 млрд теңге сомасына 9 жоба бар.
Ауыл шаруашылығы министрлігі экономиканың нақты секторына инвестициялар тарту ведомство қызметінің маңызды басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтеді. Аграрлық секторға инвестициялар ағыны үшін алғышарттар жасау және олардың тиімділігі мемлекеттік аграрлық саясаттың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Инвестициялық қызмет жалпы ауыл шаруашылығын дамытудың айқындаушы факторы болып саналады.
[xfvalue_img]