Цифрлық тазалық: Kaspersky Premium өнімінде macOS қолданбаларын тазалау мүмкіндігі пайда болды

Цифрлық тазалық: Kaspersky Premium өнімінде macOS қолданбаларын тазалау мүмкіндігі пайда болды

Жаңа функция қолданбалардың артық көшірмелерін және бағдарламаларды жойғаннан кейін қалған файлдарды тазалауға көмектеседі 

«Лаборатория Касперского» Kaspersky Premium өнімін жаңартты. Енді macOS құрылғыларында «Қолданбаларды жою» функциясы бар. Ол бағдарлама өшірілгеннен кейін қалып қоятын кеш, cookie файлдары және басқа да қажетсіз деректерді тауып, тазалауға көмектеседі. Соның арқасында пайдаланушылар ноутбук дискісінен орын босата алады. 

Тазалау неге қиын? «Лаборатория Касперского» сауалнамасына* қатысқан macOS пайдаланушыларының 56%-ы браузер тарихын, cookie файлдарын, кеш пен уақытша файлдарды тазалайды. 54%-ы қажетсіз фотосуреттер мен видеоларды өшіреді. Ал пайдаланбайтын қолданбаларды жоятындар 44% ғана. 

Қолданбаны себетке салғанның өзінде оның кейбір файлдары құрылғыда қалып қояды. Мұндай файлдарды табу оңай емес. Кейде олар, әсіресе браузерлерде, қолданбаның өзінен де көп орын алады. Оның үстіне кейбір қолданбалар мен олардың бөліктері macOS жүйесінің әдеттегі мәзірінде көрінбеуі мүмкін. 

Қалған файлдарда жеке ақпарат та сақталуы мүмкін. Мысалы, аккаунтқа кіруге арналған токендер, құпиясөздер, жүйелік жазбалар, IP-мекенжайлар, пайдаланушы аттары, құжат үзінділері, суреттер, хаттар және жеке қалталардың орналасқан жері. Құрылғыны тазаламай сатсаңыз немесе оған қаскөйлер қол жеткізсе, олар құпиясөздерді қалпына келтіруге, бұрынғы иесінің аккаунттарына кіруге және жеке деректерді ұрлауға тырысуы мүмкін. 

Kaspersky Premium өніміндегі жаңа функция ең алдымен дискіден орын босатуға арналған. Қолданбаны жойғанда, ол соған қатысты артық файлдарды да тауып береді. Бұрын себетке жіберілген қолданбалардың қалдықтарын да анықтай алады. Бірақ басқа бағдарламаларға әлі қажет файлдарды, мысалы Microsoft Office құрамындағы ортақ компоненттерді, өшірмейді. Сонымен қатар бұл функция жеке ақпараттың сыртқа шығу қаупін азайтуға көмектеседі. 

Жаңа функция қолданбалардың артық көшірмелерін де табады. Олар қателесіп көшірілген немесе әртүрлі жерден бірнеше рет орнатылған болуы мүмкін. Пайдаланушы барлық көшірмені бірден немесе тек қажетсіздерін өшіре алады. Қажет файлдарды себеттен қайтаруға болады. Егер Kaspersky Premium қолданбасы жабылмаған болса, оларды сол жерден де қалпына келтіруге болады. 

«Құрылғыларда сақталатын ақпарат көлемі үнемі артып келеді. Сондықтан уақыт өте қажетсіз файлдарды тазалау керек болады. Әртүрлі өндірушінің бірнеше құралын қатар пайдалану ыңғайсыз әрі кейде қауіпті. macOS-қа арналған Kaspersky Premium өніміндегі «Қолданбаларды жою» функциясы қосымша бағдарлама орнатпай-ақ, бірнеше рет басу арқылы қажетсіз файлдар мен қолданбаларды қауіпсіз өшіруге мүмкіндік береді. Kaspersky Premium құрылғыны қорғап қана қоймай, ондағы цифрлық тазалықты сақтауға да көмектеседі», – дейді «Лаборатория Касперского» компаниясының тұтынушыларға арналған өнімдерді басқару жөніндегі вице-президенті Ирина Ермилова. 

Қорғаныс неге маңызды? macOS құрылғылары киберқауіптерден жақсы қорғалған деген түсінік бар. Бірақ бүгінгі қауіп тек вирустармен шектелмейді. Олардың қатарында файлдарды шифрлайтын зиянды бағдарламалар, трояндар, тыңшылық бағдарламалар және интернет-алаяқтық бар. «Лаборатория Касперского» сарапшылары зиянды бағдарламалардың CleanMyMac, Mole немесе CCleaner Pro сияқты құрылғы тазалайтын заңды бағдарламалар болып көрінген жағдайларын да анықтаған. Сондықтан кез келген бағдарламаны жүктегенде абай болған жөн. 

«Лаборатория Касперского» сарапшылары мына кеңестерді ұсынады: 

  • қорғаныс бағдарламалары дұрыс жұмыс істеуі үшін оларға қажетті рұқсаттарды беріңіз; 
  • қауіпсіздікке қатысты түзетулерді уақытында алу және жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін қолданбалар мен операциялық жүйені үнемі жаңартыңыз; 
  • электрондық хаттар мен мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерді ашпаңыз. Файлдарды жүктегенде сақ болыңыз; 
  • құрылғыны сатпас немесе басқа адамға бермес бұрын барлық аккаунттан шығып, жеке деректерді өшіріңіз. Содан кейін құрылғыны зауыттық баптауларына қайтарыңыз. 

* «Цифрлық өмір: үрдістер, қауіптер, мүмкіндіктер» сауалнамасын «Лаборатория Касперского» компаниясының ішкі зерттеу орталығы 2026 жылғы наурызда жүргізді. Оған Ресей де кіретін 18 елден 7200 адам қатысты.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

115 пікір

  1. аватар
    Robbin 7 ноября 2026 21:14

    However, modern platforms are built so that you can flawlessly use them in your
    browser, both mobile and desktop. If your bank supports PayID, you can link your bank account with the PayID using your mobile number, email address,
    Australian Business Number (ABN), or Company number to enjoy all the privileges it offers.
    Online casinos are regulated at both the federal and state
    levels, and the main law is the Interactive Gambling Act 2001 (IGA), which limits operators from providing online gambling
    services. We run through research of the market and monitor which brands offer new PayID pokies and support PayID deposits.

  2. аватар
    Evan 8 ноября 2026 02:29

    It’s not been even a decade since PayID was launched,
    yet, it is already the top-favorite payment method among Australian players and operators
    that cater to them alike. You choose a payment method, deposit a small amount, then play games that
    match that balance. For standard consumer transfers within Australia in AUD, PayPal typically does not charge you a fee to deposit, though the casino
    may apply its own processing terms. The availability of deposit limits can vary depending on the operators, so make sure you check the current responsible gambling settings and tools provided
    by the specific casino operator. Our tests show PayID provides the best balance
    between speed and low cost for Australian withdrawals,
    while crypto can be the fastest overall depending on network congestion. Because of this, most Australians who gamble online choose
    this way of depositing and withdrawing their winnings.



    References: https://bkonline.id/

  3. аватар
    Barbara 8 ноября 2026 02:37

    Your bank sees a payment to a merchant; the specific nature of that merchant remains between you and your financial institution's privacy policies.
    BPAY incorporates multiple security layers familiar to Australian banking customers.
    To confirm whether BPAY withdrawals are available for your Cashaud Casino account, visit the Withdrawal section of the Cashier.
    Your Cashaud Casino account balance updates automatically once the payment
    clears through the banking network.

    References: thebigfootclub.com

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.