macOS пайдаланушылары Windows қолданушыларына қарағанда киберқауіптерге жиі тап болады, бірақ қорғаныс шешімдерін сирек қолданады
Дәстүрлі түрде ең қауіпсіз операциялық жүйелердің бірі саналғанымен, macOS платформасы да қазіргі заманғы киберқауіптерден толық қорғалған емес. Фишингтен бастап түрлі алаяқтық схемаларға дейінгі қауіптер кез келген платформа пайдаланушысына әсер етуі мүмкін. Мұнда қауіпсіздік тек операциялық жүйенің кіріктірілген қорғаныс тетіктеріне ғана емес, пайдаланушының цифрлық әдеттеріне де тікелей байланысты.
Өзінің жаңа зерттеуінде* «Касперский зертханасы» әлем бойынша macOS пайдаланушыларының әртүрлі киберқауіптерге жиірек тап болатынын анықтады. Мәселен, соңғы бір жыл ішінде: фишингтік шабуылдарға macOS қолданушыларының 12%-ы, ал Windows пайдаланушыларының 9%-ы тап болған; инвестициялық алаяқтықты қоса алғанда, түрлі алаяқтық схемаларға – 16% және 13%; жеке өмірдің құпиялылығының бұзылуына – 11% және 8%; жеке деректердің ұрлануына – 12% және 7% сәйкесінше тап болған.
Киберқауіпсіздік шаралары. Windows пайдаланушылары цифрлық гигиенаның негізгі қағидаларын жиірек сақтайды және қосымша қорғаныс құралдарын көбірек қолданады. Бұл олардың кибершабуылдардың құрбанына сирек айналуына ықпал етуі мүмкін. Мысалы, күмәнді электрондық хаттар мен сілтемелерді ашпайтындардың үлесі Windows пайдаланушылары арасында 62% болса, macOS қолданушылары арасында бұл көрсеткіш 51% ғана. Қорғаныс шешімдерін пайдалану көрсеткіші де осыған ұқсас: Windows пайдаланушыларының 42%-ы арнайы қорғаныс бағдарламаларын қолданса, macOS пайдаланушылары арасында бұл көрсеткіш небәрі 35%. Тәуелсіз сынақтар macOS жүйесіне кіріктірілген қауіпсіздік тетіктерін толықтыратын арнайы шешімдердің, соның ішінде macOS үшін Kaspersky Premium бағдарламасының жоғары деңгейде қорғаныс қамтамасыз ететінін бірнеше рет дәлелдеді. Ал 2025 жылы AV-TEST сынақтарының жылдық қорытындысы бойынша Kaspersky Premium macOS пжүйесіне арналған ең үздік қорғаныс шешімі деп танылды.
Есептік жазбалар мен құпиясөздердің қауіпсіздігі. Windows пайдаланушылары macOS қолданушыларына қарағанда есептік жазбалары үшін бірегей әрі күрделі құпиясөздерді жиірек пайдаланады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, әрбір аккаунт үшін жеке құпиясөз қолданатындардың үлесі Windows пайдаланушылары арасында 38%, ал macOS пайдаланушылары арасында 35%. Күрделі құпиясөздерді қолданатындар – тиісінше 52% және 45%. Сонымен қатар, екі факторлы немесе көп факторлы аутентификацияны пайдаланатындардың үлесі де Windows қолданушылары арасында жоғары – 51%, ал macOS пайдаланушылары арасында 46%. Құпиясөздерді басқару, оларды қауіпсіз сақтау, сондай-ақ автоматты түрде толтыру және құрылғылар арасында синхрондау мүмкіндіктерін пайдалану үшін арнайы құпиясөз менеджерін қолдану ұсынылады. Мұндай қосымшаларда барлық есептік жазба деректері шифрланған түрде сақталады. Бұл жүздеген құпиясөзді есте сақтаудың қажеті жоқ деген сөз – тек бір ғана негізгі (master) құпиясөзді білу жеткілікті. Kaspersky Password Manager қызметі құпиясөздерді қауіпсіз сақтап қана қоймай, оларды автоматты түрде жасап, сондай-ақ осы мүмкіндікті қолдайтын сервистерге кіру үшін бір реттік растау кодтарын (OTP) генерациялауға мүмкіндік береді.
«Көпшілік әлі күнге дейін macOS басқа операциялық жүйелерге қарағанда қауіпсіздеу деп есептейді. Бұған бір жағынан пайдаланушылар санының аздығы, соның салдарынан бұл платформаның киберқылмыскерлер үшін тартымдылығы төмен деген түсінік әсер етеді. Екінші жағынан, macOS жүйесінің өзінде сенімді қауіпсіздік функциялары жеткілікті. Бұл пікірдің жаны бар. Алайда киберқауіптер әлемі қарқынды өзгеруде. Қаскөйлер фишингті, әлеуметтік инженерияның түрлі әдістерін және жеткізу тізбегіне (supply chain) жасалатын шабуылдарды белсенді қолдануда. Мұндай шабуылдар бір ғана зиянды науқан аясында әртүрлі операциялық жүйе пайдаланушыларына зиян келтіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тек macOS жүйесіне бағытталған зиянды бағдарламалардың көптеген түрлері бар. Сондықтан интернетке қосылған кез келген құрылғыда, оның қандай операциялық жүйеде жұмыс істейтініне қарамастан, киберқауіптердің кең ауқымынан қорғайтын сенімді шешім орнатылуы қажет», – дейді «Касперский зертханасының» киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Сергей Пузан.
* «Цифрлық өмір: трендтер, қауіптер және мүмкіндіктер» атты сауалнаманы «Касперский зертханасының» ішкі зерттеу орталығы 2026 жылдың наурыз айында жүргізді. Зерттеуге Ресейді қоса алғанда, 18 елден 7200 респондент қатысты.
[xfvalue_img]
