Қазақстан мен Қырғызстанның ауыл шаруашылығы саласының өзара ынтымақтастығы нығая түседі
2022 жылы 26 мамырда Бішкекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті.
Мемлекет басшылары агроөнеркәсіптік кешеннің бірқатар бағыттары бойынша: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария, АӨК механикалау және автоматтандыру, өсімдіктердің карантині, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ аграрлық ғылым саласында ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдірді.
Салалық ведомстволардың басшылары Бішкекте ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты теңдік және өзара тиімділік қағидаттарында дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды көздейтін меморандумға қол қойды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың ерекше маңызы бар екенін атап өтті.
«Біз екі министрліктің бірлескен жұмысы үшін бірінші кезектегі басымдықтардың қатарында АӨК өнімдерінің өзара сауда көлемінің ұлғаюын көріп отырмыз. Қазақстан ұн, өсімдік майы, макарон өнімдері, тағамдық жұмыртқа, сүт өнімдері, шоколад және кондитерлік өнімдерді Қырғызстанға өзара тиімді шарттармен жеткізуді жалғастыруға мүдделі. Өз тарапымыздан Қырғызстаннан ерте пісетін көкөністерді (картоп, сәбіз, пияз) сатып алуға мүдделіміз. Елдеріміздің арасындағы сауданы ұлғайту, оның құрылымын жақсарту, жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруды ұсынамыз. Осы меморандумға қол қою екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенімдімін», – деді Қарашөкеев.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2022 жылғы қаңтар-наурыз айларында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің тауар айналымы 43,4 млн АҚШ долларын құрады. Осы аралықта Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт көлемі 28,7 млн АҚШ долларын құрады.
Экспорттың негізгі көлемі суға келеді, оның ішінде минералдық және газдалған сулар, сондай-ақ жануарлар мен өсімдік майлары, макарон өнімдері, үй құсының еті мен тағамдық қосымша өнімдер, өсімдік майы, нан мен ұн өнімдері және басқа да бірқатар өнімге тиесілі.
2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қырғызстаннан Қазақстанға импорт көлемі 14,7 млн АҚШ долларын құрады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/378598?lang=kk
[xfvalue_img]
38 пікір