Брюссельде «Қазақстан Республикасы - Еуропалық одақ» ынтымақтастық комитетінің 19-шы отырысы өтті

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко «Қазақстан Республикасы - Еуропалық одақ» ынтымақтастық комитетінің 19-шы отырысына қатысты.

Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Ресей, Шығыс әріптестігі, Орталық Азия және ЕҚЫҰ бойынша басқарушы директорының орынбасары Люк Девинь еуропалық тараптан тең төраға болды. Іс-шараға қазақстандық министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, сондай-ақ Еуропалық комиссияның түрлі директораттарының қызметкерлері қатысты. 

Отырыс барысында ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің іске асырылуына, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 25-26 қарашадағы Брюссельге сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға егжей-тегжейлі шолу жүргізілді.

Талқылау саяси, сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастық, заң үстемдігі және адам құқықтары, сондай-ақ көлік, энергетика, білім, ғылым, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруімен күрес салаларындағы өзара іс-қимылды қамтыды. Сонымен қатар, тараптар ҚР мен ЕО арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселесін де қарастырды.

Отырыстың бір бөлігі ЕО-ның Орталық Азия бойынша стратегиясы және ЕО-ның «Global Gateway» стратегиясы шеңберіндегі Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығына арналды.

Р. Василенко Еуропалық одақ еліміздің негізгі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылатынын атап өтті. Қазақстандық сыртқы сауда мен тіке шетелдік инвестициялардың шамамен 40% ЕО үлесіне тиесілі. COVID-19 пандемиясының кері әсеріне қарамастан өткен кезеңде сауда-экономикалық қатынастар деңгейі оң динамиканы көрсеткені атап өтілді.

Отандық дипломат ЕО-ның Ресейге қарсы санкциялық шараларының Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда-саттыққа кері әсерін шектеу немесе болдырмаудың маңыздылығына назар аударды.

Бұл ретте, қазақстандық өкіл отандық экспортты, әсіресе ауылшаруашылығы өнімдерін ЕО нарығында ілгерілетудің маңызына тоқталды. Өз кезегінде, ЕО тарапы санкциялар Қазақстанға қарсы бағытталмағанын нақтылап, қазақстандық экспорттың ЕО нарығына енуін жеңілдетуге қолдау көрсетуге әзір екендігін жеткізді.

Қазақстандық тарап «Еуропалық жасыл мәміле» бағдарламасы шеңберінде жасыл энергия саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға, Еуропаның батарея және шикізат альянстарымен әріптестік орнатуға шақырды. Кездесулерде климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелеріндегі өзара іс-қимыл, атап айтқанда, Қазақстан Үкіметінің 2060 жылы көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі жоспарлары талқыланды. 

Көлік мәселелерін талқылау барысында еуропалық тарап Транскаспийлік халықаралық көлік бағыты («Middle Corridor») аясындағы ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді. Р. Василенко бұл теміржол бағытының артықшылықтары туралы айта келе, «Middle Corridor» ЕО-ның «Global Gateway»   жаһандық бастамасының мақсаттарына сай келетінін атап өтті.

Саяси ынтымақтастық шеңберінде тараптар жоғары және аса жоғары деңгейдегі сапарлардың маңызын атап өтті.

Министрдің орынбасары Қазақстан ЕО-мен ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі болып табылатын заң үстемдігі мен адам құқықтары мәселелеріне үлкен мән беретінін атап өтті. Осы тұрғыда ол еуропалық әріптестерін Мемлекет басшысының жаңа Қазақстанды құру бойынша елде іске асырылып жатқан ауқымды саяси реформалары туралы егжей-тегжейлі хабардар етіп, Президенттің халыққа Жолдауының негізгі тезистерімен таныстырды. Еуропалық тарап ел басшылығының саяси жаңғыру бағытына қолдау білдіріп, реформаларды жүзеге асыруда қолдау көрсетуге ниет білдірді.

Адам құқықтары мәселелері бойынша диалог саласында парламентаралық ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ, қазақстандық тараптың құқық қорғау органдарына арналған түрлі тренингтер мен семинарларға қатысуға мүдделілігі айтылды.

Тараптар «Орталық Азия - ЕО» форматындағы ынтымақтастық деңгейіне оң баға беріп, ағымдағы жылы өтетін бірқатар іс-шараларды талқылады. Өңірлік қауіпсіздік, орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қоғамды дамыту мәселелері маңызды бағыттар ретінде белгіленді.

Жалпы, ҚР - ЕО ынтымақтастық комитетінің кезекті отырысы жан-жақты пікір алмасуға және Келісімді одан әрі іске асыру бойынша нақты қадамдарды белгілеуге, сондай-ақ ү.ж. маусымда Францияның төрағалығымен өтетін ҚР - ЕО ынтымақтастық кеңесінің 19-шы отырысына дайындық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді.

Комитет отырысынан кейін Р. Василенко Еуропалық сыртқы байланыстар қызметінің бас хатшысы Стефано Санниномен кездесіп, ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Брюссельге сапарының қорытындылары тұрғысынан екіжақты ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі ары қарайғы қадамдарды талқылады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

33 пікір

  1. аватар
    Bernie 27 октября 2024 14:18

    золотая орда правители, золотая орда годы существования ардак
    назаров, ардак назаров жена фото дұрыс көпбұрыш бұрыштарының қосындысы 1440 гдз 4 сынып математика дайын үй жұмыстары 3
    бө, дайын үй жұмыстары 4 сынып

    Have a look at my page ... денсаулық сақтау ережелері

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.