Энергетика министрлігі азаматтық қоғаммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдеріне бағытталған

Энергетика министрлігі азаматтық қоғаммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдеріне бағытталған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығының қатысуымен Энергетика министрлігінде кеңес өтті. Күн тәртібінде – превенция, алдын алу және қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қызметтің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету бойынша ведомствоның күш-жігерін жандандырғанын атап өтті.

"Былтыр бірқатар бизнес-үдерістер оңтайландырылды. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру мәселесі онлайн-форматқа көшірілді, жер қойнауын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның құрамы күшейтіліп, тәуелсіз сарапшылар құрамы кеңейтілді, қоғам белсенділері тартылды. Ел басшылығы мен Үкіметтің тікелей тапсырмасына сәйкес бұл бағыт жалғасады", - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев энергетика саласының қызметкерлеріне жүктелген жоғары жауапкершілікке назар аударды: "Отын-энергетика кешені әлемнің кез келген елінің әлеуметтік-экономикалық дамуының локомотиві болып табылады. Біздің мемлекетімізде ол басқа салалар мен әлеуметтік саланың дамуы мен сәтті жұмыс істеуіне ықпал ететін бюджет кірістерінің негізгі бөлігін қамтамасыз етеді. Бұл саладағы сыбайлас жемқорлықтың мультипликативті әсері бар, себебі болмашы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тұтастай алғанда ел үшін айтарлықтай салдарға әкеп соқтыруы мүмкін".

Ол Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінде қызмет алушылар үшін қолайлы жағдай жасау және тұтынушыға бағдарлануды қамтамасыз ету сияқты азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік үлгісіне көшудің маңыздылығын еске салды.

2020 жылы келушілердің қолжетімділігін жеңілдету үшін Министрліктің орталық аппаратында ғимараттың бірінші қабатында орналасқан "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі ашылды. Әр ниет білдіруші азамат кеңес алатын немесе шағыммен жүгіне алатын жедел желі ұйымдастырылды (8-7172-786938).

Қызметкерлер азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау саласындағы проблемалық мәселелерді, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын зерделеуге назар аударады.

Осыған орай Агенттік жанындағы арнайы мониторингтік тобының жетекшісі Айгүл Соловьева: "Министрлік қызметкерлері жұртшылық үшін ашылуы тиіс. "Энергетика министрлігі – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі өз құрамына азаматтық қоғам мен БАҚ өкілдерін тарту арқылы өзара іс-қимылдың тиімді алаңына айналуы тиіс".

Кеңес барысында инвестициялық тартымдылықты нығайту тұрғысынан Министрлік қызметінің ашықтығын арттыру мәселелері де талқыланды. 2020 жылдың желтоқсанында алғаш рет жер қойнауын пайдалану құқығын алуға аукциондық сауда-саттық өткізілгені атап өтілді. 263 млн теңге деңгейіндегі жиынтық бастапқы баға 230 еседен астам өсіп, 61 млрд теңгеге жетті.

Елдің ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізуді автоматтандырылған жоспарлауды енгізу пысықталуда. Бұл шара сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және адами факторды болдырмауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде процестің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Министрлік электрондық алаңдар арқылы сауда-саттық көлемін кезең-кезеңмен ұлғайтуды да көздеп отыр. Толыққанды көшу 2021 жылдың соңына дейін жүреді. Осылайша, негізделген баға тәжірибесі қалыптасады. Бұл мәмілелердің транспаренттілігін, елді газбен жабдықтау сенімділігін арттыруды және көлеңкелі экспортты жоюды білдіреді.

Мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін құру да жоспарда бар. Шын мәнінде, бұл мұнай мен газ конденсатын дайындау, тасымалдау, сақтау, жөнелту, сату, аумаққа әкелу және елден шығару мониторингі, бақылау құралы болады. Бұл бағыт Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен ынтымақтастықта іске асырылады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.