САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫ КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУ ПАРТИЯНЫҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА
Халықпен жанды байланыс орнатып, жүзбе-жүз әңгімелесіп, партияның мүдделі жұмыстарымен таныстыруға, олардың толғантқан мәселесін, ұсыныстарын, жанашырлықтарын тыңдап, шешімін қарастыруға, мемлекеттік органдарға жеткізу мақсатында "Nur Otan" партиясы «Есіктен-есікке» акциясын жүргізіп жатыр. Депутат болуға мүдделілер, сенімді өкілдері, сайлауалды штаб мүшелері, ерікті жастар болып үй-үйді аралап, тұрғындармен жеке кездесіп, сондай-ақ халықтың көп шоғырланатын орындарына баруда.
Бұл ретте «Есіктен-есікке» акциясын Жаңаөзен қаласы атынан облыстық және қалалық мәслихатқа үміткерлер белсенді жүзеге асыруда. Солардың бірқатарына тоқталып өтсек.
Сайлауалды үгіт насихат кезеңінде халыққа сайлауалды бағдарламаны кеңінен насихаттау, тұрғындардың сұрақтарына жауап беру партияның басты назарында. Осы орайда облыстық мәслихат депутатына үміткер Нұрым Ермағанбетовтың сенімді өкілі Дәулет Нөкеров Рахат шағынауданы тұрғындарына, “Жібек Жолы” базарының ұжымына үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. «Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірді. Сонымен қатар тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, партияның Жаңаөзен қаласы бойынша жоспарлы бағдарламасымен кеңінен таныстырды. Алдағы сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырды.
Облыстық мәслихат депутатына үміткер Жұлдыз Мұханбетқалиқызы сенімді өкілі Талғат Масақбаевпен, Зина Ноғаеваның сенімді өкілдері Жанна Бүркітова, Зағила Сайыпова және Жұлдұз Ермекова “Жаңаөзен” ойын-сауық орталығында және "Жібек жолы" сауда үйінде, Рахат ауылының тұрғындарымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
- Қала тұрғындары кері байланыс орнатып, сайлауалды бағдарлама - еліміздің, Маңғыстау өңірінің, қалаберді Жаңаөзен қаласының өсіп-өркендеуіне, экономикамыздың дамуына пайдасы зор екендігін айтқанда, біз өз партиямыздың бағдарламасының өте жақсы құрылғанына көзіміз тағы жетті, көңіліміз қуанды, - деді Ж.Мұханбетқалиқызы.
Облыстық мәслихат депутатына үміткер Нақберген Төлеповтың сенімді өкілі Бекболат Кутлиев Рахат шағынауданында болып, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, "Nur Otan" партиясының Жаңаөзен қаласы бойынша жоспарлы бағдарламасымен кеңінен таныстырды. Алдағы сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы атынан депутаттық мандатқа үміткер азаматтар Людмила Мендыгалиева, Гүлназ Бөлекбаева, Сарсен Қырымқұлов, Бердіғали Берекетов, Зина Ноғаева, Гүлжан Ысқақова, Гүлжан Жүгембаева Тоқберген ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, сәлемдерін берді. Партияның алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды.
«Nur Otan» партиясының ұстанған бағытымен жақсы таныс ауыл ақсақалы Тоқберген Аманов әңгіме барысында Елбасы төрағалындағы партияның атқарып жүрген жұмыстарына көңілі толатынын жеткізді. "Елбасы Н.Назарбаев елімізді күллі әлемге танытып, халықтың жағдайын көтерді. Қазір сол жолды ұстанған партия ел ішінде үлкен беделге ие екені баршамызға мәлім. Сондықтан біз бірлігімізді көрсетіп, «Nur Otan» партиясын бір ауыздан қолдауымыз керек. Мен мұны замандастарым мен кейінгі жастарға үнемі үлгі етіп айтып отырамын", - деді ақсақал.
Рахат ауылы «Жұлдыз» шағынауданында облыстық мәслихат депутатына үміткерлер Жанболат Саймағамбетов, Жұлдыз Мұханбетқалиқызы және Есен Өтеевтың сенімді өкілі барды. Тұрғындармен байланыс кезінде қоғамдық көліктердің сапалы қызмет көрсетілмейтіндігі және ауылда азық-түлік дүкендерінің, дәріханалардың жанында болмауына байланысты мәселелер көтерілді.
Үгіт-насихат шаралары барысында Канвассинг кездесулер де ұйымдастырылды. Қалалық маслихат депутатына үміткерлер Шәріп Ақжігітов пен Айнагүл Күшікбай мұнай саласында 42 жылдық еңбек өтілі бар ардагер Ағлепес Тулаев, үздік кәсіпкер, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі, Маңғыстау облысы наубайханашылар қауымдастығының төрайымы Үміт Құлжанованың шаңырақтарына барды.
Ағлепес Тулаев: "Бірлік пен береке бар жерде ынтымақ пен ырыс бар, әрқайсымыздың бақытымыз баянды болу үшін ауызбіршілікте өмір сүру керек. Еліміздің саяси науқанын қуаттап қолдап, барша кандидаттарға сәттілік тілеймін”- деген игі тілегін жеткізді.
Ал Үміт Құлжанова: "Елдің амандығы қажет, балаларымыздың болашағының жарқын болғаны керек, еліміздің тәуелсіздігі қымбат, сондықтанда сайлауға белсенді қатысып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын» - деді.
Жалпы үгіт-насихат шарасы барысында Жаңаөзен қаласында күніге бірнеше іс-шара жүзеге асырылып келеді. Мына атап өткендеріміз бірқатары ғана.
«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы
сайлау қорының қаражатынан төленді
[xfvalue_img]
28 пікір