Қарағанды облысында танымал отбасында кездесу өтті
«Nur Otan» партиясы Қарағанды қалалық филиалынан қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат «Балалар мен жеткіншектер сарайының» директоры Алтынбекова Шариза Далабаевна бүгін Қарағанды облысында танымал Қожахметов Қоңыртай Аданович пен Исмакова Бибісара Серіковнаның өнегелі отбасында болып қайтты.
Қоңыртай Аданович - көп жыл ішкі істер саласында қызмет еткен, ел қауіпсіздігі, тәртіп саласында қажырлы еңбек атқарған, талай жыл осы салада әр түрлі деңгейде қызмет атқарған беделді маман. Бүгінде отставкадағы полковник.
Бибісара Серіковна педагогика ғылымдарының докторы, зерттеуші, этнопедагог, ғалым, Қарағанды техникалық университетінің доценті. Бұл екі тұлға Қазақстанның мемлекеттік деңгейдегі өркендеуіне үлес қосқан үлесі көпке үлгі.
Кездесу барысында Шариза Далабаевна «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ең негізгі жеті басымдық туралы және партияның қолдауымен жүзеге аспақ Қарағанды қаласының алдағы уақыттағы даму жоспарымен таныстырды.
Бүгін Қарағанды экономикалық тұрақты аймақ, тұрғындарға қолайлы аймақ, әлеуметтік ыңғайланған аймақ, жастар саясатын демейтін аймақ, тарихы мен мәдениеті бай аймақ, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аймаққа айналуы үшін атқарылар жұмыстар жайлы айтылды.
Бүгінде «Nur Otan» партиясының қолдауымен әр облыстың даму жоспарына сәйкес инвестициялар тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, жалақыны көбейту, ауыл тұрғындарының табысын арттырып, туризмді дамыту, кәсіпкерлікке қолдау көрсету шаралары мен тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартып, денсаулық сақтау, білім беру салаларының сапасын арттыру да жеті басымдықта көрініс табуына көп күш жұмылдырылуда.
Ел алдында жүрген өнегелі отбасымен жүздесуде бойларынан ұлы Абайдың үш адамдық қасиеті- ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі бойына жинаған жандар өмірі бүгінгі ұрпаққа үлгі болмақ.
Жүздесу соңы ардақты жандар партияның халық пен билік арасындағы алтын көпірі іспеттес жағымды жұмыстарына оң баға берді. «Nur Otan» партиясы –еліміздің әлеуметтік әл - әуқатының кепілі ретінде сенім білдіретіндерін айтты. Сайлауға қатысушы кандидат Шариза Далабаевнаға «Бəсекеге қабілетті білімді де білікті маманның қоғамға тигізер пайдасы ұшан –теңіз»! - деп тоқталып, Қоңыртай Аданович, Бибісара Серіковна 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыстарын беретіндерін айтты.
#nurotan #jenimpazbol #bizbirgemiz #jasotan #tanday2021
«Nur Otan» партиясының Қарағанды облысы Қарағанды қаласының
Сайлау қорының қаражатынан төленді
[xfvalue_img]