«NUR OTAN» ОТБАСЫ БАҚУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРАДЫ

«NUR OTAN» ОТБАСЫ БАҚУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРАДЫ

Маңғыстау облыстық сайлауалды штаб басшысы Елубай Әбілов пен штаб мүшелері Бекмұрат Жүсіпов және Ерғали Құрашев «ҚазАзот» АҚ-да болып, қызметкерлермен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Партияның 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасын таныстырды. Басым бағыттарға кеңінен тоқталып, қызметкерлерді алдағы сайлауда белсенді атсалысып, дауыс беруге шақырды.

- «Nur Otan» - замана ағымына қарай жұмысын жаңартып, жаңғыртып отыратын партия. Мұнда ескі көзқарас жоқ. Үнемі прогресте. Партия биылғы сайлау барысында көптеген жаңашылдықтарды жүзеге асырды. Алғаш рет праймериз өткізді. Республика бойынша халықтан 20 мыңға жуық ұсыныс жиналды, соның ішінде 800-ге шамаласы облыс бойынша. Осы ұсыныстар кіріктіріліп әр аймаққа жеке сайлауалды бағдарлама жасақталды. Мұнда өңірдің басты проблемалары бойынша нақты істер, барлық саланы дамыту шаралары енгізілді, - деді Е.Әбілов.

Б.Жүсіпов те штаб басшысының сөзіне қосылып, партия замана сұранысымен дамып келе жатқанын айтты. Қазіргі партия саясаты жетілген. Қоғамдық мүддені жоғары қояды, азаматтарымыздың нақты сұраныстары мен талап-тілектері мемлекет қызметіне тура бағытталу керек деп біледі. Осы орайда партия «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толыққанды жүзеге асыру айрықша маңызды деп санайды және өзін елдегі жетекші саяси күш ретінде халық пен билікті біріктіруші рөлін атқарады.

Сайлауалды бағдарламада партия басты құндылық ретінде – отбасы бақуаттылығын қарайды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, балаларға қамқорлық, жалпы ұрпақтар сабақтастығы отбасыдан бастап қалыптасады.

Отбасы бақуаттылығы үшін партия алдымен тұрғын үй мәселесін шешуді алға қойып отыр.

2021 жылдан бастап ел азаматтары өзінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй алуға, денсаулығын жақсартуға алуына мүмкіндік ашылады. 5 жыл ішінде 977 мың отбасыға, оның ішінде 284 мың көпбалалы және күнкөрісі кедейлік шегінен төмен отбасыларға, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға, жетім балаларға арналған 103 млн шаршы метр тұрғын үй беріледі. «Отбасы Банк» негізінде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің бірыңғай орталығы құрылады. Мұнда кезекте тұрған азаматтардың жалпы базасы қалыптастырылады.

Партияның «Бақытты отбасы» партиялық жобасы жалғасады. Жоба негізінде өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға партия қол ұшын созады. Сәбилі болғысы келетін отбасыларға жыл сайын 7 мың квота бөледі. Әрбір қалада Отбасын қолдау, отбасылық дауларды шешу, баласы бар аналарды уақытша мекен-жай беру орталықтары ашылады. «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс қимыл туралы» Заң қабылданып, отбасылық соттар құрылады.

Партияның сайлауалды бағдарламасындағы жоғарыдағыдай жұмыстар қатарымен танысқан соң қызметкерлер партияның уәделі жұмыстарына көңілдері толып, қолдау білдіретіндіктерін жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз берді.

«ҚазАзот» АҚ– Қазақстанның кешенді өнеркәсіп орындарының бірі. 1959 жылы құрылған мекеме алғашқыда Каспий аймақтық тау-кен металлургия комбинаты өндірістік бірлестігі деп аталды. 61 жыл ішінде бірнеше рет өзгертулер орын алып, 2016 жылы түрлендіру арқылы «ҚазАзот» АҚ болып қайта құрылды. Аммиак және аммиак селитрасын Қазақстандық ұлттық өндірушісі және экспорттаушысы болып табылады.

«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы

сайлау қорының қаражатынан төленді

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.