Британдық инвесторлар Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруда

Британдық инвесторлар Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруда

Нұр-Cұлтан мен Лондонда қатар бейнеконференция форматында ұйымдастырылған «Kazakhstan Global Investment Forum 2020» қазақстандық-британдық инвестициялық форумы аясында жаңа инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды.

Форум жұмысына өңдеу, ауыл шаруашылық, химия, тау-кен өндірісі және қаржы секторларының, сондай-ақ металлургия, баламалы энергетика, логистика және цифрлық технологиялар салаларының 500-ден астам мемлекеттік орган, квазимемлекеттік ұйым мен компаниялардың басшылары қатысты.

Қазақстандық делегацияны бастаған Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді форумның ашылуында алғы сөз сөйледі.

Британдық тараптан сөз сөйлеген Ұлыбритания Премьер-министрінің Қазақстан бойынша Сауда өкілі Баронесса Эмма Николсон екі мемлекеттің жаңартылатын энергия көздері, тау-кен-металлургиялық кешені, агро-өнеркәсіптік кешен және денсаулық сақтау салаларында бірлескен жобаларды іске асыруда үлкен мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

«Бізді «бұрынғыдан да жақсы жасау» деген ортақ қызығушылық біріктіреді. Қазақстанда инвесторлар үшін осы мақсатқа жетуге көмектесетін көптеген мүмкіндіктер бар, ал Ұлыбританияда оларды Қазақстанға тартуға көмектесетін көптеген тәсілдер бар», - деп толықтырды Э.Николсон.

Форум барысында қатысушылар коронавирустан кейінгі кезеңде экономиканы дамыту, Қазақстанда бизнес пен инвестицияларды жүргізу және мемлекеттік активтерді жекешелендіру мәселелерінің кең ауқымын талқылады. Сонымен қатар, мамандандырылған параллельдік сессияларда қаржылық қызметтерді дамыту, майнинг, цифрландыру және Қазақстанның технологиялық секторы тақырыптары қозғалды.

Іс-шара аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың энергетика, инфрақұрылым және құрылыс, ТКМК және машина жасау салаларындағы ірі британдық компаниялардың басшылығымен екіжақты кездесулері өтті.

Осылайша, ол Independent Power Corporation компаниясымен «Каспий цифрлық хаб» инвестициялық жобасын іске асыруға қатысу мәселелерін талқылады.

 

ERG International Group компаниясы Маңғыстау облысындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Атап айтқанда, қуаты тәулігіне 50 мың текше метр ауыз су тұщыландыру зауытын салу жөніндегі жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Ferro-Alloy Resources-пен келіссөздер аясында Қызылорда облысындағы Бала-Сауысқандық ірі ванадийлі кен орнын игеру жобасы қаралды.

Британдық «Weir Group» компаниясымен Алматы қаласының индустриялық аймағының аумағында «Тау-кен, машина жасау, мұнай-газ және өнеркәсіптің басқа да салаларына арналған жабдықтар өндірісін оқшаулау» инвестициялық жобасы талқыланды.

Бүгінгі күні Ұлыбритания Қазақстанның негізгі сауда-инвестициялық серіктестерінің бестігіне кіреді. Британдық инвестициялардың отандық экономикаға жалпы ағынының көлемі 2005 жылдан бастап 2020 жылдың 1 жарты жылдығы аралығында 14,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Жалпы, Қазақстанда «Royal Dutch Shell», «Ernst&Young», «BG», «Shell», «BAE Systems» және басқа да кәсіпорындарды қоса алғанда, британдық капиталдың қатысуымен 500-ден астам компания жұмыс істейді.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.