Орталық Азияның Жапониямен өзара іс-қимылы  пандемиямен күрес шеңберінде

Орталық Азияның Жапониямен өзара іс-қимылы пандемиямен күрес шеңберінде

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бейнеконференция форматында «Орталық Азия + Жапония» Диалогы Сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс кеңесіне қатысты. Аталған алаң COVID-19 пандемиясына қарсы тұру аясында ерекше маңызға ие болуды.

Кеңес барысында тараптар пандемиямен күрестегі тиімді өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударып, оның өңір экономикасы үшін жағымсыз салдарын еңсеру және сыртқы экономикалық қызметті жандандыру мәселерін қарастырды. Эпидемиологиялық жағдай, бір-біріне гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі өңірлік ынтымақтастық, азаматтарды шет елдерден қайтару мәселелері, сондай-ақ экономикалық ұтқырлық пен іскерлік белсенділікті қалпына келтіру перспективалары талқыланды.

Қазақстандық тарап Жапония Үкіметіне пандемияға қарсы күресте жан-жақты қолдау көрсеткені және біздің елдеріміздің санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерінің озық тәжірибелерді енгізу бойынша өзара іс-қимылын нығайтуға және вакцина мен жаңа медициналық препараттарды әзірлеу мен ғылыми-практикалық көмек көрсетуге әзірлігі үшін ризашылығын білдірді.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары осы формат шеңберінде өзара сауда-экономикалық іс-қимылды қалпына келтіруге бағытталған практикалық күш-жігерді біріктіру туралы шешім қабылдады. Бұл аспектіде Жапонияның экономикалық және технологиялық әлеуеті қызығушылық тудырады, оны жалпы Орталық Азия экономикасын жаңғыртуда және бірлескен жобаларды іске асыру арқылы қолдануға болады. Кеңеске қатысушылар сыртқы саясат ведомстволары басшыларының келесі 8-ші кездесуі барысында Жапон бизнесінің қатысуымен сауда, инвестициялар және агроөнеркәсіптік кешен саласында нақты ұсынымдар әзірлеуге келісті.

«Орталық Азия + Жапония» диалогы Жапонияның бастамасымен шақырылған. Алғашқы кездесу 2004 жылы Нұр-Сұлтанда өтті. Формат шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары саяси диалог, өңірішілік ынтымақтастықты дамыту, бизнесті көтермелеу, зияткерлік диалог, мәдени байланыстар мен адами алмасу болып табылады. Диалог аясында Сыртқы істер министрлерінің кезекті 8-ші кеңесін Токиода 2021 жылы өткізу жоспарланып отыр.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.