«Орталық Азия - Қытай» саяси диалогы іске қосылды

«Орталық Азия - Қытай» саяси диалогы іске қосылды

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Орталық Азия - Қытай» жоғары деңгейдегі бірінші отырысына қатысты. Бейнеконференцияға сондай-ақ Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысты.

Іс-шара барысында министрлер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Қатысушылар Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай арасындағы достық, тату көршілік және өзара тиімділік негізінде көпжоспарлы ынтымақтастықты жандандыру ортақ мүдделерге жауап беретінін, өңірдегі экономикалық өсу мен қауіпсіздіктің маңызды факторы болып табылатынын атап өтті.

Пандемиямен күресте тығыз өзара іс-қимыл жасау, оның теріс салдарын жою және өңір елдерінің экономикасын қалпына келтіру мәселелеріне бірінші кезекте назар аударылды. Қазақстан көрсетілген гуманитарлық көмек пен пандемиямен күресте жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қытай тарапына ризашылығын білдірді.

Отырысқа қатысушылардың пікірінше, COVID-19 кең таралуының алдын алу бойынша мәжбүрлі шаралар ішкі аймақтық мобильдіктің және сыртқы экономикалық қызметтің айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Тараптар аймақтық экономикалық интеграцияны ілгерілетуде, сауданы жандандыруда және өзара инвестицияларды ынталандыруда күш-жігерді біріктіруді қолдады.

Шекараларда санитарлық-карантиндік шаралардың қолданылуы жағдайында жүк тасымалы мен тауарлардың транзиті ерекше маңызға ие болды. Қытай тарапы біздің елдеріміздің экономикаларының өзара байланысын ескере отырып, трансшекаралық жүк ағынын үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Орталық Азия серіктестеріне «жасыл дәліздерді» ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді. Орталық Азия мен Қытайдың сыртқы саяси ведомстволарының басшылары цифрландыру, қаржы қызметтері, электрондық коммерция, ақылды қалалар және басқа да «ноу-хау» сияқты өсу драйверлері бойынша кооперация мүмкіндіктерін талқылады. Ғылыми-қолданбалы салада, атап айтқанда, ғылымды қажетсінетін өнім шығару, сондай-ақ фармацевтикалық саладағы кооперацияны дамыту бойынша ынтымақтастықты жолға қоюға әзірлігі атап өтілді.

Сыртқы істер министрлері «Орталық Азия – Қытай» форматын бекіту туралы шешім қабылдап, тұрақты көпжақты саяси диалогты жалғастыруды қолдады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.