Нұр-Сұлтанда ЕҚЫҰ мен аймақтық ұйымдар арасындағы Ауғанстанның одан әрі дамыту үшін көпжақты ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

Нұр-Сұлтанда ЕҚЫҰ мен аймақтық ұйымдар арасындағы Ауғанстанның одан әрі дамыту үшін көпжақты ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) бірлесіп «Ауғанстан және ЕҚЫҰ:  Әріптестік пен ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер жасау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шара ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің Тұрақты өкілдерінің, оның ішінде Орталық Азияның үш елі бойынша ұйымның басқарушы «Үштігі» мүшелерінің турнесі аясында өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына негізгі баяндамашылар ретінде БҰҰ Арнайы өкілі, Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының басшысы Тадамичи Ямамото, Арнайы өкілі, Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының басшысы Наталья Германды қоса алғанда,  халықаралық және өңірлік ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ ЕҚЫҰ, ЕО, АӨСШК, ШЫҰ, ОАӨАҮО және БҰҰ БЖКБ делегаттары қатысты.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, өзінің құттықтау сөзінде: «ЕҚЫҰ-ның осындай өкілетті делегациясының сапары 2010 жылы өткен осы жүзжылдықтағы жалғыз болып саналатын Астана Саммитінің қорытындысын жүйелі іске асыруға еуропалық серіктестердің мүдделілігін куәландырады» - деп атап өтті.

«Орталық Азияның болашағы Ауғанстанның бейбіт және тұрақты дамуымен тығыз байланысты. Қазақстан ауған халқына өз мемлекетінің қалпына келтіруіне екіжақты және көпжақты қолдау көрсетуді жалғастыруда. Біз, мықты жаһандық және өңірлік әріптестік, ұзақ мерзімді инвестициялар мен өңірлік үйлесімділіктің осы елдің бейбіт болашағын қамтамасыз ету үшін маңызды мәнге ие екеніне сенеміз», - деді М. Тілеуберді.

ҚР СІМ басшысы, Ауғанстанға көмек көрсету, оның ішінде ҚР-ның ЕҚЫҰ-ға, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне 2011 жылы төрағалық ету барысында, сондай-ақ 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі кезеңінде дәстүрлі түрде елдің сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын ерекше атап өтті.

Осы тұста М. Тілеуберді, форумға қатысушылардың назарын,  ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың  Қазақстанда орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Арнайы өңірлік орталығын, сондай-ақ тұрақты өзара байланыс жөніндегі ЕҚЫҰ Тақырыптық орталығын құру қажеттілігі туралы бастамасына аудартты.

Өз кезегінде кездесу қатысушылары, ЕҚЫҰ-ШЫҰ және ЕҚЫҰ-АӨСШК желісі бойынша Ауғанстанға көмек көрсету үдерісіне қатысатын негізгі халықаралық және өңірлік ұйымдар арасындағы синергияны дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен, БҰҰ-ның жоғары өкілдері Т. Ямамото және Н. Герман Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдаудағы Қазақстанның және өңірдің басқа да елдерінің елеулі үлесі туралы мәлімдеді. Атап өтілгендей, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі барысында біздің еліміз халықаралық қоғамдастықта Ауған тақырыбын талқылау деңгейін арттыру үшін жеке мысал ретінде практикалық үлесін көрсетті.

ИЫҰ-ның Ауғанстандағы Тұрақты өкілі Х. Ботсалы өз сөзінде, Қазақстанның мұсылман әлемі мүшелері арасындағы даусыз беделіне, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың ИЫҰ кеңістігіндегі бейбіт бастамаларының, оның ішінде исламдық татуласу жөніндегі зор әлеуетіне тоқталды.

Шетелдік қонақтар, Қазақстанның, Еуропалық одақтың және Қазақстан Республикасының жетекші ЖОО базасында ауған жастарына арналған білім беру жобаларын іске асыру жөніндегі БҰҰ даму бағдарламасының көпжақты күш-жігерін жоғары бағалады.

Тұрақты өкілдер Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында болған кездерінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаев, Жоғарғы Сот басшылығы, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Абаев, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Э. Әзімова және ҚР-ның басқа да мемлекеттік органдары мен ведомстволарының басшыларымен кездесіп, қабылдауында болды.

Сапар бағдарламасына, сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығына бару да кірді, оның жұмысын АХҚО басшысы Қ. Келімбетов таныстырды.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.