СҚО ПД бастығы облыстың шалғай аудандарын аралады

СҚО ПД бастығы облыстың шалғай аудандарын аралады

https://youtube.com/shorts/DI4juSJ7KMI?feature=share

https://youtube.com/shorts/dmcaPyGvLn0?feature=share 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров Ақжар және Уәлиханов аудандарына барды. Аудандардың әкімдері Нұрлан Тельтаев пен Мұрат Абдуловпен бірге полиция қызметкерлерімен және ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесті. Сондай-ақ бөлімшелердің техникалық жарақтандырылуын тексеріп, алдағы жұмыстың басым бағыттарын белгіледі. 

Екі аудан да облыс орталығынан едәуір қашықта орналасқан. Ал Уәлиханов ауданы – өңірдегі аумағы ең үлкен аудан. Бұл полиция қызметінің өзіндік ерекшеліктерін айқындайды. 

«Аудандық полиция бөлімі – қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету жүйесінің негізгі буыны. Халықтың полицияға деген шынайы көзқарасы ең алдымен жергілікті жерде қалыптасады», – деді Руслан Назаров қызметкерлерге арнаған сөзінде. 

Кездесулерде бөлімшелерді кадрлармен жасақтау, қызметтік тәртіп және күнделікті жұмысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Бөлімшелердің техникалық жарақтандырылуына да ерекше назар аударылды. Руслан Назаров аудандық полиция бөлімдерінің автопаркімен, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен және байланыс құралдарымен танысты. 

Сондай-ақ ол жақында пайдалануға берілген жедел басқару орталықтарын аралап көрді. Бұл орталықтар қоғамдық орындар мен жолдағы жағдайды бақылауға, оқиғаларға жедел ден қою мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Ұжымдармен кездесуде Руслан Назаров Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің алқасында қойылған міндеттерді еске салып, қызметкерлерді «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыруға, қызметтік тәртіпті сақтауға және халықпен жұмыстың сапасын арттыруға бағыттады. 

Полиция полковнигі Руслан Назаров ішкі істер органдарының ардагерлеріне көп жылғы қызметі мен полицияның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. 

Бұған дейін облыстық полиция басшысы осындай кездесулерді Петропавл қаласы полиция басқармасының және облыстың басқа да аудандық бөлімшелерінің жеке құрамымен өткізген болатын. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

18 пікір

  1. аватар
    Veola 31 октября 2026 06:06

    Und nicht allen Nutzern ist wohl dabei, ihre Zugangsdaten auf der Seite eines Drittanbieters einzugeben,
    auch wenn Klarna ausdrücklich bezüglich des Datenschutzes zertifiziert ist.
    Wenn es um Zahlungen im Online Casino geht, bevorzugen Spieler eindeutig Methoden, mit denen eine
    schnelle Wertstellung möglich ist. Bei der SOFORT GmbH handelt es sich um ein ursprünglich deutsches
    Unternehmen. Für Auszahlungen steht im Casino Sofortüberweisung normalerweise nicht zur
    Verfügung, der Zahlungsdienstleister kann in der
    Mehrheit der Fälle nur für Einzahlungen verwendet werden. Wer im Online Casino Sofortüberweisung
    nutzt, um Geld auf das Spielerkonto einzuzahlen, verwendet eine der unkompliziertesten Zahlungsmethoden überhaupt.
    Normalerweise fallen keine Gebühren an, wenn du Sofortüberweisung in Online Casinos nutzt.



    References: https://bloggerkonferenz.de

  2. аватар
    Jarrod 1 ноября 2026 02:06

    The Hold and Win feature completely reshapes the game setup from 5×3 to
    10×6. You can choose one of 5 special bets that
    increase your chances of winning free spins, Super Free Spins, or a guaranteed multiplier on every spin. Now, if you activate 2 or more multipliers with the tumbling reels, their values are combined, further boosting the total
    win for that round.

    References: https://governancaja.com.br/

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.