Қазақстанда абоненттік құрылғыларды верификациялау eGov-та бірыңғай терезеге көшірілді

Қазақстанда абоненттік құрылғыларды верификациялау eGov-та бірыңғай терезеге көшірілді

9 қазаннан бастап жеке тұлғалар абоненттік құрылғыларды тек цифрлық үкімет порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы верификациялай алады. Жаңартылған рәсім қажетті мәліметтерді автоматты түрде алуды және азаматтардың дербес деректерін қосымша қорғау мақсатында міндетті бейнесәйкестендіруден өтуді көздейді.

Енді барлық негізгі әрекеттерді eGov Mobile қосымшасы мен https://portal.imei.gov.kz порталы арқылы бір терезе қағидаты бойынша орындауға болады. Өзгерістер пайдаланушылар үшін рәсімді жеңілдетуге, өз бетінше орындалатын әрекеттер санын қысқартуға және ақпараттық қауіпсіздік тетіктерін күшейтуге бағытталған.

Бұған дейін верификациядан өту үшін азаматтар басқа цифрлық ресурстарға өз бетінше жүгініп, қосымша құжаттарды алып, өтінім берген кезде оларды жүйеге жүктеуі қажет болатын. Атап айтқанда, мемлекеттік шекараны кесіп өту туралы анықтаманы vmp.gov.kz порталында бөлек тапсырыс беру арқылы алу керек еді. Енді қажетті мәліметтер мемлекеттік жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы аясында автоматты түрде алынады. Азаматтарға бұл анықтаманы басқа сервистен өз бетінше алып, жүктеп, қайта тіркеудің қажеті жоқ.

«IMEI-ді верификациялауға өтінім» қызметін пайдалану үшін жаңартылған тәртіпке сәйкес мына әрекеттерді орындау қажет:

  • eGov Mobile қосымшасына өзіңізге ыңғайлы тәсілмен авторизациядан өту;
  • басты беттегі «Танымал қызметтер» бөлімінен «IMEI-ді верификациялауға өтінім» қызметін таңдау;
  • дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру немесе одан бас тарту үшін 1414 қысқа нөмірінен жіберілген SMS-хабарлама арқылы жауап беру;
  • тіркеуді аяқтау үшін eGov (Digital ID) сервисі арқылы биометриялық сәйкестендіруден өту;
  • деректерге қол жеткізуге рұқсат бергеннен кейін жүйені пайдалану шарттарымен танысу. Ол үшін тиісті сілтеме арқылы қолжетімді «Жүйеге қосылу туралы келісім» құжатының ережелерін оқып, келісім шарттарымен танысқаныңызды және оларды қабылдағаныңызды растайтын белгіні қою;
  • одан кейін өтінімнің қажетті нұсқаларын таңдау.

Жаңартылған рәсімде өтініш берушінің міндетті бейнесәйкестендіруден өтуі қарастырылған. Бұл шара азаматтардың дербес деректері мен электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) олардың хабарынсыз және келісімінсіз үшінші тұлғалардың пайдалануы, сондай-ақ өтінім беру кезінде қалыптан тыс жағдайлардың анықталуы ескеріліп енгізілді.

Бейнесәйкестендіру өтінімді верификация рәсімі жүргізіліп жатқан азаматтың өзі беріп отырғанын қосымша растауға мүмкіндік береді. Басқа тексеру тетіктерімен бірге бұл шара дербес деректерді заңсыз пайдалану және өзге адамның атынан верификация рәсімдеу тәуекелдерін азайтады.

Сонымен қатар техникалық жұмыстар аяқталып, қосымша қорғаныс шаралары енгізілгеннен кейін жеке тұлғалар үшін iPhone 18 (Apple) құрылғыларын верификациялау қайта басталады. Уақытша шектеу тек верификация рәсіміне қатысты болды. Бұл модельдегі смартфондар Қазақстанның ұялы байланыс операторларының желілерінде еш шектеусіз жұмысын жалғастырды.

Рәсімнің жаңартылуы қызметті пайдаланудың қолайлылығы мен қосымша қорғаныс шараларын біріктіреді: қажетті әрекеттер мен деректер алмасу бір цифрлық кеңістікте жүзеге асырылады, ал тұлғаны растау азаматтардың дербес деректерін заңсыз пайдалану тәуекелдерін азайтуға көмектеседі.

Верификациядан өту бойынша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады. Сонымен қатар сервисте пайдаланушыларға арналған нұсқаулық пен «Сұрақ-жауап» бөлімі қолжетімді.

Бұл қызмет Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті мен Телекоммуникациялар комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «ATS Mediafon KZ» ЖШС бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

75 пікір

  1. аватар
    GiaBoigo 14 октября 2026 21:36

    Ощутите атмосферу яркие эмоции от побед. Пробуйте найти свои любимые сюжеты в гейм-зоне веб-казино для настоящих победителей. Когда я зарегистрировался на портале, то понятия не имел, что меня ждет. Мой путь начался так. Сайт совершенно дружелюбный к новичкам, что для меня огромный плюс. Создание профиля было удобным процессом, который начался и завершился быстро. Игровые автоматы Casino оказались яркими, инновационными и способными увлечь меня с головой play777-pokerdom.buzz . Каждый шаг становился новым переживанием — от лёгкого волнения до ощущения настоящего триумфа. Игры оказались красочными, увлекательными и создающими ощущение настоящего погружения в приключение. Платформа позволяет открыть доступ к продвинутым формам игры, включая мобильные версии, которые комфортно использовать на ходу. Casino подарило мне не только азарт, но и вдохновение, которое теперь сопровождает меня каждый раз, когда я захожу на платформу. Здесь я нахожу то, что делает каждый свободный вечер незабываемым. Если и вы хотите испытать подобные эмоции, не теряйте времени. Не упустите возможность первого шага к победам https://чемпионslots.shop .

    Найдите новые эмоции на сайте казино сейчас
    Откройте все грани победы сайт игр казино без лишних ожиданий
    Исследуйте новые эмоции на площадке развлечений казино сейчас
    Исследуйте путь к успеху на платформе казино игр сегодня
    Откройте новые эмоц
    0c4fc2c

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.