37 алаяқтық дерегі: Петропавлда күдікті ұсталды

37 алаяқтық дерегі: Петропавлда күдікті ұсталды

Петропавлда полиция қызметкерлері техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінің қызметіне байланысты бірқатар алаяқтық дерегіне қатысы бар күдіктіні анықтады. 

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, өткен жылдың тамыз айынан бастап азаматтар аталған техникалық қызмет көрсету станциясына жүгініп, автокөлік қосалқы бөлшектері мен жөндеу жұмыстарына ақы төлеген. Алайда бірқатар клиент алдындағы міндеттемелер орындалмаған немесе тиісті деңгейде көрсетілмеген. Келтірілген залал сомасы көбіне жүздеген мың теңгені құраған, ал бір дерек бойынша 1,5 миллион теңгеден асқан. 

Автокөлік иелері ұзақ уақыт бойы мәселені жөндеу жұмыстарын орындаушымен тікелей шешуге болады деп есептеп, құқық қорғау органдарына жүгінбеген. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері келіп түскен арыздарды салыстырып, алаяқтықтың жүйелі сипат алғанын анықтап, күдіктінің ізіне түскен. Станция жұмысына іс жүзінде 26 жастағы қала тұрғыны басшылық жасағаны белгілі болды. Ал ресми түрде оның директоры басқа адам болған.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Бірнеше рет жасалған алаяқтық фактілері бойынша қозғалған қылмыстық іс 37 эпизодтан тұрады. Полиция қызметкерлері жәбірленушілердің шеңберін және істің барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу жалғасуда. 

Криминалдық полиция басқармасы азаматтарға осындай алаяқтық схемаларының құрбаны болмау үшін қызмет көрсету туралы шарт жасауды, фискалдық чектер мен қосалқы бөлшектерді қабылдау-тапсыру актілерін талап етуді ұсынады. Қызметкерлердің жеке банк карталарына ірі көлемдегі ақша аудармаңыз. Төлемді касса арқылы немесе компанияның ресми есепшотына жасаған жөн. Егер шарт талаптарының орындалуы созылып, қызмет көрсетуші байланысқа шығудан жалтарса, дереу полицияға хабарласу қажет. 

Игорь Мерцалов

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.