СЖРА мен Дүниежүзілік банк экономикалық реформаларды іске асырудың келесі қадамдарын талқылады

СЖРА мен Дүниежүзілік банк экономикалық реформаларды іске асырудың келесі қадамдарын талқылады

Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі - Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы Әсет Ерғалиев Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ экономикалық реформаларды іске асыру жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.

Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы жаңа серіктестік жөніндегі негіздемелік стратегияны іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ реформаларды іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын (Action Plan) әзірлеу мәселесі қаралды. Дүниежүзілік банк тобының өкілдері 2026–2031 жылдарға арналған серіктестік жөніндегі негіздемелік стратегияны іске асыру шеңберінде Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты едәуір кеңейтуге ниетті екенін атап өтті.

Сонымен қатар көлік және су инфрақұрылымы салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Орта дәлізді одан әрі дамыту аясындағы көлік жобаларының маңыздылығы атап өтілді. Орта дәліздің әлеуеті көлік бағытының шеңберінен шығып, жаңа экономикалық өсу нүктелерінің қалыптасуына негіз болатыны баса айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларды іске асыру мақсатында екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетті екендерін растады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.