Түркістанда 500-ден астам тұрғын сталкингке қарсы форумға қатысты

Түркістанда 500-ден астам тұрғын сталкингке қарсы форумға қатысты

Түркістанда 500-ден астам тұрғын сталкингке қарсы форумға қатыстыТүркістанда 500-ден астам тұрғын сталкингке қарсы форумға қатыстыТүркістан қаласы әкімдігі, полиция басқармасы және прокуратураның ұйымдастыруымен "Сталкингті тоқтат, қауіпсіздік – әр адамның құқығы" тақырыбында ауқымды профилактикалық форум өтті.

Іс-шараға Түркістан қаласы әкімдігі аппаратының басшысы Қуаныш Нұржанұлы, қала прокуроры Кәукен Бахытбайұлы, полиция басқармасының бастығы Жасұлан Нысанбаев, сондай-ақ есепте тұрған тұлғалар мен қала тұрғындары қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – қоғамда көп жағдайда назардан тыс қалып жүрген, алайда азаматтардың жеке қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін сталкинг мәселесіне қоғам назарын аудару, оның алдын алу тетіктерін талқылау және қолданыстағы заңнама аясындағы жауапкершілікті түсіндіру.

Шара барысында Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы, "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың" Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Сұңғатқызы және психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Мөлдір Зайнуллақызы сталкингтің әлеуметтік, құқықтық және психологиялық салдары туралы кеңінен баяндады.

Сонымен қатар спикерлер сталкингтің алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

500-ден астам тұрғынды қамтыған форум сталкингтің салдарын айқын көрсеткен әсерлі сахналық қойылыммен және өнерпаздардың өнер көрсетуімен қорытындыланды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.