Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы зияткерлік турнир өткізді

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы зияткерлік турнир өткізді

Солтүстік Қазақстан облысында «Адал полицей» акциясы аясында ұйымдастырылған зияткерлік турнирге қатысқан полицейлер білімділігін, креативті ойлау қабілетін және командалық рухын көрсетті.

Ауқымды акция ішкі істер органдары қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған. Ол адалдықты тексеруден бастап ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына дейінгі түрлі форматтағы іс-шараларды қамтиды. Зияткерлік ойын да осы бағыттағы жұмыстардың бір бөлігі болды.

Іс-шара Сәбит Мұқанов атындағы кітапханада өтті. Турнирді өткізу үшін тәртіп сақшылары «Рух» психологиялық орталығының директоры Резеда Баймұхамбетованы шақырды. Ол қатысушыларға көптеген ерекше байқаулар дайындады. Ойын барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың белгілері, оған ықпал ететін факторлар, сондай-ақ бұл әлеуметтік індеттің тарихы жөніндегі сұрақтарға жауап берді.

Кездейсоқ қағидамен құрылған командалар блиц-сұрақтарға жауап беріп, «Заң мен Тәртіп» тақырыбында кроссвордтар мен ребустар шешті, шығармашылық тапсырмаларды орындады. Мәселен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы «тірі мүсіндер» жасап, бес минут ішінде шағын бейнеролик түсіру қажет болған төрттаған өлеңдер де шығарды.

Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы мен жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы ұйымдастырды. Жеңімпаз командаларға кубоктар табысталып, белсенді қатысушылар дипломдар мен символикалық сыйлықтарға ие болды. Мұндай іс-шаралар пайдалы бос уақытты ұйымдастыруға ықпал етіп, шығармашылық әлеуетті ашуға, сыбайлас жемқорлық мәселесіне және онымен күрес жолдарына кеңірек көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.