Ходжкин лимфомасы: жеңуге болатын ауру

Ходжкин лимфомасы: жеңуге болатын ауру

15 қыркүйек бүкіл әлемде Халықаралық лимфомамен күрес күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн лимфа жүйесінің ауруларына, олардың ерте диагностикасына және заманауи емдеу әдістеріне көпшіліктің назарын аударуға арналған.

Ходжкин лимфомасы — лимфоманың ең көп таралған түрлерінің бірі, лимфа түйіндерінде өзгеріске түскен жасушалар бейберекет көбейе бастайтын қатерлі қан ауруы. Таяуда ғана лимфома өліммен аяқталады деп саналатын еді, бірақ бүгінгі күні медицина орасан зор прогреске қол жеткізді: уақытылы диагноз қойылған жағдайда науқастардың 80% тұрақты ремиссияға қол жеткізеді немесе толық сауығып кетеді.

Аурудың алғашқы белгілері көбінесе жиі кездесетін аурулар — лимфа түйіндерінің ұлғаюы, түнгі тершеңдік, себепсіз салмақ жоғалту, ұдайы әлсіздік кейпінде көрінеді. Науқастар ағзаның осындай белгілеріне назар аудармауы мүмкін, сондықтан мұнда жалпы тәжірибелік дәрігерлер басты рөл атқарады.

«Бірінші буын дәрігері науқасты бірінші болып көреді және лимфома бар-жоғын байқай алады. Жалпы тәжірибелік дәрігердің мұқияттылығы мен сақтығыонкологқа жолдау жылдамдығының, демек, емдеу сәттілігінің кепілі», — дейді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының Гематология және сүйек кемігін трансплантациялау орталығының жетекшісі Ғаббасова Сәуле Телембайқызы. — «Ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік диагностика сияқты заманауи диагностика әдістерінің қолжетімділігі оң үлес қосып жатыр. Бұл, әрине, үлкен қалаларда көбірек байқалады. Бүгінгі таңда бізде емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыруға, ауруды жеңуге көмектесе алатын заманауи емдік тәсілдер бар. Оларға науқастардың көпшілігіне толыққанды өмірге отбасыларына, жұмыстарына, армандарына оралуға мүмкіндік беретін заманауи тиімді препараттарды қолдану, сүйек кемігін трансплантациялау мүмкіндіктерін кеңейту және деңгейін арттыру жатады».

Классикалық Ходжкин лимфомасы көбінесе 25–35 жас аралығындағы жастарда, сондай-ақ 50 жастан асқан науқастарда кездеседі. Ем аурудың сатысына және жалпы денсаулық жағдайына қарай жеке таңдалады және мамандандырылған онкогематологиялық орталықтарда жүзеге асырылады.

Нені есте сақтау маңызды:

  • Лимфоманы, әсіресе ерте анықталса, емдеуге болады;
  • Денсаулыққа көңіл бөлу және тұрақты тексеруден өтіп тұру алаңдататын симптомдарды уақытында байқауға көмектеседі,
  • Егер лимфомаға күдік болса, жалпы тәжірибелік дәрігер науқасты онкологқа жіберуі тиіс.

Халықаралық лимфома күні еске салады: денсаулықты күту сақтық танытып, симптомдарды байқап, дәрігерге уақытылы көрінуден басталады. Табыс кілті — ерте диагностика.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    MaryCerce 20 сентября 2025 18:56

    Мир редко бывает чёрно-белым, поэтому главный инструмент — это способность анализировать. Контекст показывает границы, факты дают основу, а критическое мышление помогает избежать ошибок. Такой метод универсален и всегда работает.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.