«Заң мен тәртіп: сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді комплаенс-бақылау және әдістері бойынша семинар өтті» » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
«Заң мен тәртіп: сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді комплаенс-бақылау және әдістері бойынша семинар өтті»

«Заң мен тәртіп: сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді комплаенс-бақылау және әдістері бойынша семинар өтті»

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесе отырып, «Тиімді комплаенс-бақылау: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың озық әдістері мен стратегиялары» тақырыбында  семинар өткізді.

Оның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы комплаенс жүйесін жетілдіру, кәсіби білім мен тәжірибе алмасу.

Аталған шараға аумақтық квазимемлекеттік құрылымдардың 150-ден астам маманы, сондай-ақ аталған бөлімшелердің басшылары қатысты.

Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін дамыту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау мен талдау, заңнамалық өзгерістер мен олардың корпоративтік практикаға әсері сияқты маңызды мәселелер талқыланды.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының басшысы Уәлихан Құрамаев: «Комплаенс-офицерлер ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Олардың тәуелсіздігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тиімді анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді, бұл ұйымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты саясат үшін өте маңызды».

Іс-шараға спикерлер ретінде ҚР Құқық қорғау академиясы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, AMLACADEMY-ның өкілдері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы жетекші шетелдік сарапшылар қатысты.

Семинар барысында мамандар тәжірибелерімен бөлісіп, комплаенс-қызметтер жұмысының негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетудің тиімді жолдарын ұсынды.

Сонымен қатар қатысушылар комплаенс саласындағы мамандардың кәсіби дамуы мен дағдыларын жетілдіру бойынша ұсыныстармен танысты.

Аталған шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіруге және Қазақстандағы заң мен тәртіптің нығайтуға үлес қосты.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.