Қазақстан СІМ-де Азия кеңесі мәселелері бойынша дипломатиялық корпусына арналған брифинг өтті
Қазақстан СІМ-де Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсыновтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (Азия кеңесі) мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларына арналған брифингі өтті.
Ә. Тұрсынов 2022 жылғы қазанда өтетін Азия кеңесінің 6-шы Саммиті барысында оны халықаралық ұйымға трансформациялауды іске қосудың маңыздылығы, форумның жүйелі институционалдық қайта құрылуы бойынша Қазақстан төрағалығының көрінісі туралы егжей-тегжейлі айтып, Саммиттің қорытынды құжаты жобасының негізгі мазмұнымен таныстырды. Сонымен қатар, алдағы Саммитті дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері қозғалды.
Іс-шараға Азия кеңесі хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай қатысып, Хатшылықтың Саммитке дайындық бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарымен және Кеңестің 30 жылдығына арналған іске асырылып жатқан жобаларымен бөлісті.
Пікір алмасу барысында дипломатиялық миссиялардың басшылары Азия кеңесінің қазіргі әлемдегі геосаяси турбуленттілік жағдайында диалог пен ынтымақтастық үшін көпжақты алаң ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, Кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруға бағытталған Қазақстан төрағалығының күш-жігеріне қолдау білдірді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/373346?lang=kk
[xfvalue_img]