Қазақ-қырғыз шекарасындағы 7 өткізу бекеті 2025 жылға дейін жаңғыртылмақ

Қазақ-қырғыз шекарасындағы 7 өткізу бекеті 2025 жылға дейін жаңғыртылмақ

Жамбыл облысының Қордай ауылында ҚР Парламенті Мәжілісі мен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш депутаттарының кездесуі өтті.

Халық қалаулылары аймақтағы транспорт әлеуетін дамыту бойынша екі ел арасындағы бірлескен іс-қимылдар барысын талқылады. Сондай-ақ басқосуға ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин де қатысты.

Қазақ-қырғыз шекарасында 8 өткізу бекеті бар. Оларды 2025 жылға дейін қайта жаңғырту көзделіп отыр. Кездесу барысында депутаттар «Қордай» және «Қарасу» өткізу бекеттеріне барды. Осы ретте айта кетерлігі, «Қордай» бекетін реконструкциялау жұмыстары өткен жылдың наурыз айында аяқталған болатын.

Жаңартылған пункт жаңа құралдармен, оның ішінде «Рапискан» инспекциялық-тексеру кешенімен жабдықталған. Автокөліктерге арналған қозғалыс жолағының саны 4-тен 8-ге дейін артты. Сонымен қатар өткізу бекетіндегі паспорттық бақылау кабинасының саны 34-ке көбейді. Бұған дейін олардың саны 13 болатын.

Реконструкциялық жұмыстардан кейін бекеттің өткізу қабілеті 4 есеге яғни, 6 мыңнан 25 мың адамға дейін артқан. Ал көліктер ағыны 2 жарым есеге ұлғайған. Бекеттің жаңғыртылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруда мультипликативтік әсерін тигізбек.

Сондай-ақ жаңарту жұмыстары алдағы уақытта «Қарасу» және «Бесағаш» шекаралық бекеттерінде де жүргізілмек. Өзге 5 пунктті модернизациялау жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылмақ.

Аймаққа сапар барысында депутаттар «Қарасу» және «Ак-Тилек» өткізу бекеттері арасындағы көпір құрылысының барысымен де танысты. Нысан құрылысы 2019 жылғы жаңа көпір салу және қолданыстағы көпірді реконструкциялау бойынша бірлескен іс-қимыл туралы Үкіметаралық келісім негізінде жүзеге асуда.

Көпірдің жобалық-сметалық құжаттамасы 2020 жылы әзірленіп, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2021 жылы басталды. Көпір биылғы жылдың аяғына дейін пайдалануға берілмек.

Кездесу нәтижесі бойынша Қазақстан мен Қырғызстан өкілдері автокөлік жолдары саласында ынтымақтастықты одан әрмен арттыру туралы өзара келісімдерге қол қойды. Тараптар өздеріне жүктелген міндеттемелерді уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруға уағдаласты.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.