Қазақстан СІМ басшысы «Орталық Азия + Италия» III Министрлік конференциясына қатысты

Қазақстан СІМ басшысы «Орталық Азия + Италия» III Министрлік конференциясына қатысты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация «Орталық Азия + Италия» III Министрлік конференциясына қатысты.

Іс-шара барысында тараптар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, терроризм мен есірткі трафигіне қарсы күрестегі, көлік, логистика және жасыл энергетика салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Министр М.Нұртілеу өз сөзінде бүгінгі таңда Орталық Азия геосаяси шындыққа өзіндік көзқарасы және кең сауда-экономикалық мүмкіндіктері бар қарқынды дамып келе жатқан өңір екенін атап өтті.

- «Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулері, Халықаралық Аралды құтқару қоры және Ядролық қарудан азат аймақ құру Орталық Азияның нәтижелі және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және ортақ сын-қатерлерге қарсы тұруға деген біржақты ұмтылысының жарқын көрінісі», – деп мәлімдеді Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы.

М.Нұртілеу атап өткендей, Римдегі кездесу уақтылы өтіп жатқанын және практикалық қадамдарды талқылауға, Италияның Орталық Азия өңірі елдерімен ынтымақтастығының жаңа салаларын айқындауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Италия Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары – Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таяни көлік байланысы, энергетика, климаттың өзгеруі және білім беру сияқты маңызды салаларда белсенді өзара әрекеттесуге шақырды.

Конференция барысында Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның Сыртқы істер министрлері, сондай-ақ Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакала баяндама жасады.

Бұдан басқа, «Орталық Азия + Италия» III Министрлік конференциясы аясында су және энергетикалық ынтымақтастыққа, жаһандық өзара байланысқа және жоғары білімге арналған тақырыптық сессиялар өтті, оларға Сыртқы істер және энергетика министрліктерінің, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ және ҚР жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

58 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.