Қазақстан «Орталық Азия – Корея Республикасы»16-шы ынтымақтастық форумына қатысты

Қазақстан «Орталық Азия – Корея Республикасы»16-шы ынтымақтастық форумына қатысты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация «Орталық Азия - Корея Республикасы» ынтымақтастық форумының 16-шы отырысына қатысты. Іс-шараға сондай-ақ Корея Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар көлік және логистика, денсаулық сақтау және медицина, климаттың өзгеруі және қоршаған ортаны қорғау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және ғылым, сондай-ақ туризм саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Министрлер өз елдерінің басымдықтарын және Орталық Азия мемлекеттерінің Корея Республикасымен өзара іс-қимылының контурларын белгіледі.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы өз сөзінде Қазақстан форумның Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті. «Біздің ортақ кең күн тәртібімізді тиімді ілгерілету өңір елдерінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді», - деп мәлімдеді М.Нұртілеу.

Тұтастай алғанда, Орталық Азия мемлекеттері мен Корея Республикасы арасындағы өзара құрмет пен тиімділік негізінде көпжоспарлы ынтымақтастықты жандандыру өңірдің ортақ мүдделеріне жауап береді және орнықты дамудың маңызды факторы болып табылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы делегациялары басшыларының бірлескен мәлімдемесі қабылданды.

Форум «алаңында» ҚР Сыртқы істер министрі Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжинмен кездесу өткізіп, онымен екіжақты ынтымақтастық және көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Тараптар екі елдің қазіргі саяси ынтымақтастығын жоғары бағалады және сауда-инвестициялық өзара іс-қимылдың дамуына қанағаттанушылықтарын білдірді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 6 млрд. АҚШ долларына жетті, ал ҚР-дағы Оңтүсітк Корея инвестицияларының көлемі 1.5 млрд. АҚШ долларынан асты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Mechelcit 28 ноября 2023 22:57

    На ООО «Ростовском электрометаллургическом заводеъ» мы строим не только металлургические конструкции, но и долгосрочные партнерства. Наше обязательство перед клиентами – предоставлять продукцию, которая выделяется на фоне конкурентов. Подробнее у них на сайте https://remzestar.com/

  2. аватар
    Qxbuoz 29 ноября 2023 08:16

    best antiviral drug for herpes <a href="https://andiabeps.com/">expected findings type 2 diabetes</a> diabetes guidelines australia 2023

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.