Жапония мен БҰҰДБ Қазақстанда «Адам құқықтары саласындағы тиісті сақтық» корпоративтік рәсімін ілгерілету және климаттың өзгеруіне қарсы күрес бойынша екі бірлескен жобаны іске қосады

Жапония мен БҰҰДБ Қазақстанда «Адам құқықтары саласындағы тиісті сақтық» корпоративтік рәсімін ілгерілету және климаттың өзгеруіне қарсы күрес бойынша екі бірлескен жобаны іске қосады

Бүгін Жапония мен БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстанда екі әріптестік бастаманы іске қосты. Жобалар «Адам құқықтары саласындағы тиісті сақтық» (HRDD) корпоративтік рәсімі мен бизнесті жауапты жүргізуді ілгерілетуге, сондай-ақ климаттық тұрғыдан оңтайландырылған агротехнологияларды енгізуге бағытталған.

«Жапония көптеген жылдар бойы бүкіл әлемдегі елдерге жәрдемдесіп, көмек көрсетіп келеді. Біз бұл жобалардың адам құқықтарының компаниялар тарапынан бұзылуынан болатын залалды азайтатынына және көміртексіздендіруге ықпал ететініне өте қуаныштымыз. Біз осы жобалардың кедергісіз іске асырылып, табысты болуы үшін БҰҰДБ мен Қазақстан Республикасымен өз ынтымақтастығымызды тереңдете бергіміз келеді», – деп атап өтті Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада мырза.

Бірінші бастама – «Бизнес және адам құқықтары» жобасы – елдер үкіметтерінің, жапон кәсіпорындарының, олардың жеткізушілері мен әріптестерінің  БҰҰ-ның Адам құқықтары тұрғысынан кәсіпкерлік қызметтің басшылыққа алынатын қағидаттарын (АҚБҚ) іске асыру саласындағы түсінігі мен әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Қазақстан Жапония үкіметі Қазақстандағы жапон компаниялары мен олардың жеткізілім тізбектерінде жауапты іскерлік тәжірибені ілгерілету жөніндегі осы жаһандық жоба үшін басым елдер ретінде айқындаған 17 елдің бірі болып табылады. Бюджеті 300 000 АҚШ долларына тең жоба жапон компаниялары мен олардың жеткізілім тізбектеріне арналған тренингтер мен нұсқамалар өткізу арқылы АҚБҚ-ның негізгі элементі болып табылатын адам құқықтары саласындағы тиісті сақтық қағидатын ілгерілетуге бағытталады.

Осы жаһандық бастамамен бірге Жапония «Климаттық уәде» бастамасын іске асырудың «Уәдеден – іс-қимылға» деп аталатын келесі кезеңінде БҰҰДБ-ның жаңа және ірі әріптесіне айналып, Қазақстанға ұлттық климаттық уәдені орындау үшін климаттық қорларды ұсынады. Бюджеті 974 408 АҚШ долларына тең климаттық тұрғыдан оңтайландырылған агротехнологияларды енгізу жөніндегі жаңа жоба Қазгидрометтің қолданыстағы бақылау жүйесін цифрлық форматта да, жаңа заманауи жабдықты орнату арқылы да жақсартуға көмектеседі. Жоба аясында Қазақстан өңірлеріндегі фермерлерге қолдау көрсету жоспарлануда. Жаңартылатын энергия көздерін (жел және күн) пайдалану жөніндегі шешімдер әртүрлі ауылшаруашылық өндірістерде цифрлық мониторингті қолдана отырып, пилоттық режимде сынақтан өткізілетін болады.

«Біз Жапония үкіметімен көп жылдық ынтымақтастығымызды және Қазақстандағы адам құқықтары тұрғысынан бизнес жүргізу мәселелері жөніндегі жұмысымызды ұйымдастыруда, сондай-ақ елімізге оның климат саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындауда көмек көрсетудегі жомарт қолдауын жоғары бағалаймыз. БҰҰДБ қызметі мен Жапония үкіметінің басымдықтары көптеген салаларда сәйкес келеді: екеуіміз де елдерге COVID-19 індетінің әсерінен одан сайын күрделеніп отырған даму проблемаларын, соның ішінде заң үстемдігі мен климаттың өзгеруі мәселелерін шешуге көмектесеміз», – деді Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің міндетін атқарушы Сухроб Ходжиматов.

 

Қосымша ақпарат:

 

Жапония Үкіметі мен БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) жақында жүзеге асырыла бастаған «Әділ қалыпқа келтіру мүдделерінде жаһандық жеткізілім тізбектерінде адам құқықтары мәселелеріндегі тиісті сақтықты ынталандыруға ерекше көңіл аудара отырып, жауапты іскерлік мінез-құлықты ілгерілету және БҰҰ-ның Адам құқықтары тұрғысынан кәсіпкерлік қызметтің басшылыққа алынатын қағидаттарын тиімді пайдалану» атты жобаның аясында кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету саласындағы жаһандық күн тәртібін ілгерілету үшін күш біріктірді. Қазақстан Республикасын қоса алғанда 17 елде жүзеге асырылатын жобалар адам құқықтарына қатысты тиісті сақтықты (HRDD) қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың, жапон компанияларының, жеткізушілер мен әріптестердің қабілеті мен түсінігін арттыру арқылы бизнесті адам құқықтары тұрғысынан жүргізудің ұлттық тұжырымдамасын ілгерілетуге және нысаналы елдерде жапон компаниялары мен олардың жеткізушілерінің бизнесті жауапты жүргізу тәжірибесін нығайтуға бағытталған.

2021 жылы Глазгода өткен ТК-26 конференциясында БҰҰДБ ҰДАС мақсаттарын нақты әрекеттерге айналдыру мақсатындағы өзінің қолдау ауқымын кем дегенде 100 елде ұлғайтып, «Климаттық уәде» бастамасының «Уәдеден – іс-қимылға» деп аталатын келесі кезеңін бастады. Жапония жаңашыл әрі озық бастаманың осы кезеңінің ең ірі демеушісіне айналып, осы күш-жігерді жеделдету үшін Германия, Швеция, ЕО, Испания, Италия сияқты көп жылдық қаржыландырушы әріптестерге, сондай-ақ Ұлыбритания, Бельгия, Исландия мен Португалия сияқты жаңа қаржыландырушы әріптестерге қосылып отыр. БҰҰДБ Климаттық уәдесі Париж келісімі шеңберінде елдерге олардың ұлттық міндеттемелерін орындауда қолдау көрсету бойынша климат және даму саласындағы ең ірі жаһандық ұсыныс болып табылады. Қазақстанда осы бастама шеңберінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне оның климаттық күн тәртібін ілгерілету, парниктік газдар шығарындыларын инвентаризациялаудың ұлттық жүйесіне арналған құқықтық базаны құру саласында; сарапшылар, оның ішінде коммерциялық кәсіпорындар сарапшылары үшін парниктік газдар шығарындыларын инвентаризациялау бойынша тренингтер өткізу саласында; бейімдеуге байланысты болатын ҰДАС компоненттерін іске асыру бойынша жол картасын әзірлеу және климаттың өзгеруіне бейімделу туралы қоғамның хабардарлығын арттыру саласында қолдау көрсетіліп отыр.

***

Қосымша ақпарат алу үшін undp.kz.media@undp.org электрондық поштасы арқылы немесе +7 705 700 9793 телефон нөмірі арқылы Қазақстандағы БҰҰДБ баспасөз қызметіне хабарласуларыңызды өтінеміз.

***

БҰҰДБ – кедейліктің, теңсіздіктің және климат өзгеруінің әділетсіздігін жою жолында күресетін БҰҰ-ның жетекші мекемесі. 170 елдегі сарапшылар мен әріптестеріміздің кең торабымен жұмыс істей отырып, біз елдерге адамдар мен ғаламшар үшін кешенді, ұзақ мерзімді шешімдерді әзірлеуге көмектесеміз. Қосымша ақпарат алу үшін undp.org сайтына өтіңіз немесе @UNDP-де жаңалықтарды қадағалаңыз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

41 пікір

  1. аватар
    Almeda 13 октября 2024 00:30

    адам песни скачать бесплатно, скачать песню та самая өзіңізді қорғау үшін қолданылатын қадамдар адасты менің кемем, мен
    қазақпын жұбан молдағалиев текст бақытты ана бақытты бала бақытты ел тәрбие сағаты, бақытты балалық шақ тех карта балабақшада

    my site билер сөзі
    нақылдың көзі эссе

  2. аватар
    Denisha 16 октября 2024 03:31

    тақырға отыру мағынасы, әдемі фразеологизмдер рекомендуемые требования
    кс го, cs:go системные требования 2022 тазалық туралы шығарма
    2 сынып, тазалық туралы мақала слитное и раздельное написание слов, правила написания сложных слов через дефис

    My blog post; алғашқы ақша қалай пайда болды
    эссе

  3. аватар
    Benny 20 октября 2024 13:43

    What i do not understood is in truth how you're not actually much more neatly-appreciated than you may be now.
    You are so intelligent. You realize thus considerably with regards to this topic, produced me personally consider it from numerous various
    angles. Its like women and men are not fascinated unless it's one
    thing to accomplish with Girl gaga! Your
    own stuffs outstanding. Always take care of it up!


    my web page - clients1.google.gg

  4. аватар
    Bertie 21 октября 2024 18:44

    сонник сильный ветер на улице, сонник прятаться от сильного ветра козерог камни полудрагоценные обходить лужи во сне, сонник упасть в лужу с грязью
    тест на тяжелый характер по картинкам,
    тест на мягкий характер пстихотворение молитва о друзьяхмогающие заговор на продажу квартир

  5. аватар
    Judith 20 ноября 2024 05:14

    балабақшада бала тілін дамытудың маңызы, мақал мәтел арқылы бала тілін
    дамыту кітап дайындықсыз үйленбе,
    электронды кітаптар капитал организации включает, собственный капитал рк фк актобе пфлк, пфлк первая лига

    Also visit my blog; республиканские налоги

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.