Сапархан Омаров елімізде ірі жобаларды жүзеге асырып атқан швейцариялық компания өкілдерімен кездесті

Сапархан Омаров елімізде ірі жобаларды жүзеге асырып атқан швейцариялық компания өкілдерімен кездесті

ҚР АШМ басшысы Сапархан Омаров Қазақстанның АӨК дамытуға $100 млн. АҚШ долларын инвестициялаған швейцариялық компанияның делегациясын қабылдады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Кездесу барысында Inoks Capital бас директоры және Басқарма мүшесі Набиль Марк Абдул-Массих компанияның Алматы облысында жүзеге асырып жатқан екі ірі инвестициялық жоба туралы баяндады.

Бірінші жоба – «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы «Экструдталған жем-шөп өндіру» зауытының құрылысы 97%-ға дайын. Қазіргі уақытта барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қуаттылығы жылына 60 мың тонна дайын өнім шығаратын бірегей өндіріс жақын арада іске қосылады. Жобаға $18 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция жұмсалған.

Пайдалануға берілгеннен кейін қазақстандық зауыт мал шаруашылығындағы өнімділіктің өсуіне пайдалы әсер ететін жоғары сұранысқа ие құрғақ түйіршіктелген жем шығара бастайды.

Inoks Capital компаниясының Қазақстандағы екінші жобасы – 2018-2022 жылдарға арналған «1000 Га қарқынды бақша салу және жеміс-жидек өңдеу цехын» құру. Жобаның жалпы құны - $82 млн. АҚШ долларын құрайды.

Жақын арада инвестор Алматы облысының Еңбекшіқазақ (518 га) және Ұйғыр аудандарында (200 га) жаңа бақтар салуды жоспарлап отыр.

Набил Марк Абдул-Массихтің айтуынша, өткен жылы компания алма, шие және қара өрік көшеттерін сатып алуға тапсырыс берген, бірақ пандемияға байланысты оларды жеткізу 2021 жылдың наурызына ауыстырылған.

Inoks Capital балғын және мұздатылған жемістерді, сондай-ақ жеміс пюресі мен шырындарын шығаруға ниетті. Бүгінде қайта өңдеуші кәсіпорындарға тоңазытқыш жабдықтары толығымен жеткізілген екен.

Жоба бойынша Алматы облысының екі ауданында жеміс-жидек өндірісі мен қайта өңдеу өндірісі қосылғанда 250 тұрақты және 1,5 мың маусымдық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Жобалар туралы талқылаудан кейін тараптар еліміздің аграрлық секторын қолдау және дамыту мәселелерін жайында пікір алмасты.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.