Қазақстанның балық шаруашылығын дамытуға әлеуеті мол

Қазақстанның балық шаруашылығын дамытуға әлеуеті мол

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді

           Сапархан Кесікбайұлының айтуынша, Қазақстанда балық шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау аясында 2018 жылдан бастап тауарлық балық өсіру кезінде жемшөпті субсидиялау бойынша бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Бүгінде балықтың тұқы, бекіре, албырт сынды түрлері субсидияланады. Қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүргізіледі. Сондай-ақ, көл-тауар шаруашылықтарына арналған жабдықтар мен техниканың құнын 25% - ға дейін субсидиялау көзделген. Ағымдағы жылы саланы қолдауға 430 млн теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта 30-ға жуық балық өсіретін кәсіпорын субсидиямен қамтылуда.

         Сонымен қатар, бизнес өкілдері және «Атамекен» ҰКП ұсыныстарының негізінде, 2020 жылғы 4 тамызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестициялық жобаларды субсидиялау ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықты бекітті. Толықтыруларға сәйкес, сыйымдылығы 20 тонна жабық сумен жабдықтау құрылғыларын (ҚҚС) және 40 тонна тауарлық балықтар өсіретін торлы фермаларды салу құнының 25% -ы субсидияланатын болады.

Қазақстанның балық өсіруге,  дайын және өңделген өнімді экспорттауға мүмкіндігі мол. Сондықтан ауыл шаруашылығы министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің балық шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту туралы ұсынысын қолдайды.

"Субсидиялау шаралары көл-тауарлары шаруашылықтарының өндірістік әлеуетін нақты бағалауға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы министрлігі қазіргі уақытта субсидияланатын балық түрлерінің тізбесін кеңейту және оған сом және ақ балықтарды енгізу жұмыстарын ойластыруда. Балық шаруашылығы секторын ынталандыру үшін субсидиялауға республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді қарастыру орынды деп санаймыз, өйткені жергілікті бюджет деңгейінде қаражат шектеулі", - деді АШМ басшысы.

Сапархан Омаров соңғы 10 жыл ішінде «ҚазАгро» жалпы өндірістік қуаттылығы 3,26 мың тонна балық өнімдерін өндіретін 13,9 млрд.теңге сомасына тауарлы балық өсіруді дамытуға бағытталған 13 инвестициялық жобаны қаржыландырғанын айтты.

Соның бірі биыл Американдық «AGCO Corporation» компаниясының қатысуымен Ақмола облысында форель өсіруге арналған жабық типтегі балық өсіру кешенін салу жобасы мақұлданды. Қаржыландыруға бірінші транш бөлінді.

Ақтөбе облысында жылына 1500 тонна өнім өндіретін «Мұрагер-2» ЖШС балық өсіру жобасының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 75% аяқталды. Жоба «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қаржыландырылады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.