АҚШ-тың Сауда палатасы қазақстандық-америкалық іскерлік кеңес құрғанын жариялады

АҚШ-тың Сауда палатасы қазақстандық-америкалық іскерлік кеңес құрғанын жариялады

 

АҚШ-тың Сауда палатасы Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында Қазақстандық-американдық Іскерлік кеңесі (USKZBC) өз жұмысын бастағаны жайлы ресми түрде жариялады.

Іскерлік кеңестің басты миссиясы - АҚШ Сауда палатасының кеңейтілген платформасы арқылы екі ел арасындағы экономикалық байланысты одан әрі тереңдету. Кеңес төрағасының қызметін Қазақстан экономикасына ең ірі инвестор болып табылатын Chevron компаниясы атқарады. Кеңестің хатшылығы Вице-президент Хуш Чоксидің жалпы басшылығымен АҚШ Сауда палатасының арнайы аумақтық департаментінде орналасады.

Сауда палатасының хабарламасында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы жылына шамамен 2 миллиард АҚШ долларын құрайтыны және ауыл шаруашылығы, энергетика, тау-кен өндірісі және инфрақұрылым секілді салаларда өзара сауданың одан әрі өсуіне үлкен мүмкіндіктер бар екендігі айтылған. Қазіргі уақытта Қазақстанда 700-ден астам американдық компаниялар жұмыс істейді.

АҚШ Сауда палатасының Вице-президенті Майрон Бриллиант атап өткендей, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанының 30 жылдығы қарсаңында ұйым екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға белсенді қатысуға ниетті.

«Қазақстандық-американдық Іскерлік кеңестің АҚШ Сауда палатасы құрамына кіруі бизнес қауымдастықты осы маңызды және стратегиялық қарым-қатынасты дамыту үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді», - деді Еуразия-Тынық мұхиты өңірі бойынша Chevron компаниясының президенті Найджел Хирн.

Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Қазыханов «Біз АҚШ Сауда палатасында қазақстандық-американдық Іскерлік кеңестің ашылуын Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық серіктестікті кеңейтуге қуатты серпін беретін және екі елде жаңа жұмыс орындары мен мүмкіндіктердің пайда болуына ықпал ететін тарихи оқиға деп бағалаймыз. Орталық Азиядағы жетекші экономика ретінде Қазақстан АҚШ-тың сенімді серіктесі болып қала береді және америкалық компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын».

АҚШ Сауда палатасы 3,5 миллионға жуық американдық компаниялардың, 3 мың аймақтық палаталардың мүдделерін біріктіреді және шетелде 90-нан астам өкілдігі бар әлемдегі ең ірі іскерлік ұйым.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.