Қазақстан мен Еуропалық одақ цифрландыру және өзара байланыс саласында ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Еуропалық одақ цифрландыру және өзара байланыс саласында ынтымақтастықты нығайтуда

Астана, 2024 жылғы 8 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Еуропалық Комиссияның Халықаралық әріптестік жөніндегі бас дирекциясының Таяу Шығыс, Азия және Тынық мұхиты істері жөніндегі директоры Петерис Устубпен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар цифрлық трансформация және өңірлік өзара байланыс саласында іс-қимылды нығайтуға баса назар аударып, қазақ-еуропалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Министрдің орынбасары Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси байланыстардың жоғары серпінін құптап, өзара мүдделі мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті.

Бұл тұрғыда Р.Василенко Орталық Азиядағы цифрлық экономиканы дамытуға, соның ішінде ауылдық аймақтарда спутниктік байланыс арқылы қауіпсіз интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған «Team Europe Initiative on Digital Connectivity» бастамасына қолдау білдірді.

Сұхбаттастар көлік-логистика саласындағы ықпалдастықты одан әрі дамытудың маңызын атап өтіп, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту бойынша үйлестіру платформасының белсенді жұмысын құптады.

Кездесу қорытындысы бойынша аталған салалардағы ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Анықтама: Қазақстан мен ЕО арасында Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, ратификацияланған. Аталған құжат сауда, инвестиция, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инновациялар, мәдениет, спорт және туризм мәселелерін секілді өзара іс-қимылдың 29 саласын қамтиды.

Былтыр Еуроодақпен тауар айналымы 3,5%-ға өсіп, 41,4 млрд АҚШ долларын құрады. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына еуропалық инвестициялардың көлемі 180 млрд доллардан асты. Қазақстанда еуропалық капиталдың қатысуымен 3 мыңнан астам компания жұмыс істейді, соның ішінде «Shell», «Sneider», «Eni», «Total», «Air Liquide», «Alstom», «Siemens» және т.б. трансұлттық корпорациялар бар.

Жалпы сомасы 300 млрд еуродан астам қаржы бөлінген «Global Gateway» бастамасы аясында Еуропалық одақ Қазақстанда инфрақұрылымдық, атап айтқанда, ТХКБ-ны дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.