Жалпыеуропалық өзара іс-қимыл бойынша кезекті Қазақстан-Ресей консультациялары туралы
Қазақстан Республикасының СІМ және Ресей Федерациясының СІМ арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко арасында жалпыеуропалық институттармен, өңірлік және еуропалық қауіпсіздікпен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша консультациялар өтті.
Тараптар өзара қызығушылық тудыратын екіжақты Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін қарастырды. Еуропалық Одақпен, ЕҚЫҰ-мен және басқа да халықаралық институттармен қарым-қатынастар контекстінде екі елдің тәсілдерін талқылауға ерекше назар аударылды.
Р. Василенко Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ол екіжақты деңгейде де, өңірлік ұйымдар шеңберінде де өзара сенімге негізделген ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Өз тарапынан А. Грушко Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша үдемелі дамудың тұрақты серпіні бар екенін атап өтті.
Іс-шара нәтижелері бойынша консультацияларға қатысушылар күн тәртібіндегі талқыланатын мәселелердің өзектілігін және осындай кездесулерді өткізудің пайдалылығын атап өтіп, оларды алдағы уақытта жалғастыруға келісті.
[xfvalue_img]