Қазақстан мен Қытай арасында кезекті консулдық консультациялар өтті
Бейнеконференция форматында 20-шы Қазақстан-Қытай консулдық консультациялары өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, қытайлық делегациясын ҚХР СІМ Консулдық департаментінің директоры У Си басқарды.
Кездесу барысында тараптар «сағаттарың теңестірді» және азаматтардың өзара жол жүруін жеңілдетуге, консулдық мәселелер бойынша шарт-құқықтық базаны одан әрі кеңейтуге, екі ел аумағында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ Қазақстанның Қытайдағы және Қытайдың Қазақстандағы консулдық мекемелерінің географиясын кеңейтуге байланысты консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын талқылады.
«Барлығымыз үшін қазіргі күрделі жағдайларда осындай консультациялар өткізу Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтып, пандемиядан кейінгі кезеңдегі өзекті консулдық мәселелерді шешу бойынша ортақ күш-жігерді үйлестіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Б.Ақатаев.
Қазақстан тарапы ҚР азаматтарына, бірінші кезекте Қытай оқу орындарында білім алушыларға ҚХР визаларының барлық санаттарын беруді тез арада қайта бастау мәселесіне бастамашылық жасады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тұрақты негізде консулдық мәселелер бойынша ынтымақтастықтың өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға және ұлғайтуға дайын екендігін растады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/413989?lang=kk
[xfvalue_img]