Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов ТМД ПАА-ның мемлекеттік құрылыс және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты.
Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов ТМД ПАА-ның мемлекеттік құрылыс және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты.
Отырыс барысында комиссия мүшелері сайлау құқығы саласындағы құжаттар бойынша жұмыс барысын талқылады. Парламентарийлерге «Халықаралық байқау туралы» модельдік заң жобасы, сайлауда автоматтандырудың техникалық құралдарын пайдалану және ұлттық сайлауға шетелдік араласуға қарсы тұру бойынша ұсынымдар ұсынылды.
Отырысқа қатысушылар жергілікті өзін-өзі басқару міндеттерін шешу үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін пайдалану бойынша ұсынымдар жобаларын орындауға қатысты мәселелер бойынша, сондай-ақ «мемлекеттік және муниципалдық қызметтер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Мемлекеттік және муниципалдық мүлікті жекешелендіру туралы» модельдік заңдар туралы пікір алмасты.
Сенаттың Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]