Сенатта ядролық материалдардың заңсыз тасымалының алдын алу туралы заң жобасы қаралды
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Депутаттар отырыста Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ядролық материалдардың орнын заңсыз өзгертудің бірлесе алдын алу және оны болдырмауға қатысты заң жобасын талқылады.
Құжат ядролық, радиоактивті материалдарды, қалдықтар мен қауіпті заттарды Қазақстан мен Қытай аумағына кіргізуге жол бермеуді көздейді.
Сенатор Сергей Карплюктің айтуынша, заң жобасы Қытаймен кедендік бақылау, заманауи технологияларды енгізу, сондай-ақ бірлескен оқу-жаттығулар мен оқыту семинарларын өткізу саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Келісім радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, атап айтқанда, кедендік шекарадағы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға міндеттейді. Бұдан басқа, осы құжатты ратификациялау ядролық материалдардың заңсыз орын ауыстыруының алдын алу рәсіміне қатысты мәселелерді неғұрлым нақты және тиімді құқықтық реттеуге ықпал ететін болады», - деді отырыс барысында сенатор Сергей Карплюк.
Сенаттың Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]