«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдары күшіне енді.
2022 жылғы 19 ақпанда «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдары күшіне енді. Бұл заңнамалық актілер биліктің өкілді тармағында әйелдердің, жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың және мүгедектердің мемлекет өміріне белсенді жұмысқа тартуды көздейтін пікірінің болуын және ескерілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын қарау барысында заңнамалық актілердің нормалары Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан халықтары Ассамблеясының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қызметі туралы нормалармен де толықтырылды.
https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/331202?lang=kk
[xfvalue_img]
7 пікір