20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына «Партиялық емес байқау орталығының» 22 мыңнан астам байқаушысы қатысады. Олардың басты міндеті – сайлау кезінде азаматтардың өз еркін білдіру бостандығының бұзылуына жол бермеу. » Страница 4 » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына «Партиялық емес байқау орталығының» 22 мыңнан астам байқаушысы қатысады. Олардың басты міндеті – сайлау кезінде азаматтардың өз еркін білдіру бостандығының бұзылуына жол бермеу.

20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына «Партиялық емес байқау орталығының» 22 мыңнан астам байқаушысы қатысады. Олардың басты міндеті – сайлау кезінде азаматтардың өз еркін білдіру бостандығының бұзылуына жол бермеу.

Баспасөз мәслихаты барысында байқаушыларды Партиялық емес бақылау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов даярлау қорытындылары туралы айтып берді.

Спикер өз сөзінде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезіндегі бақылау мәселелеріне тоқталды.

«Бүгін сағат 00.00-де кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары аяқталады. Ол өзінің жоғары тиімділігімен ерекшеленді. Сайлау штабтары қысқа мерзімде ауқымды ақпараттық жұмысты қолға алды. Өз кезегінде БАҚ барлық кандидаттарға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етті. Сарапшылардың айтуынша, тұрғындармен кездесулер жоғары деңгейде ұйымдастырылды, ел азаматтары сайлауға қатысуға дайындалған. Барлық үдеріс заңнаманы бұзбай, нақты, үйлесімді өтті», - деп атап өтті Төлеген Күнәділов.

Бұл ретте ол Орталықтың байқаушылары заңнаманың барлық талаптарының сақталуын және 19 қарашада тыныштық күнін қадағалайтынын атап өтті, өйткені бұл күні кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады.

Төлеген Күнәділов Партиялық емес байқау орталығының 22 мыңнан астам байқаушысы дауыс беру күні сайлау учаскелерінде жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

«Осы бағытта айтарлықтай  жұмыстар жүргізілді. Біз еліміздің барлық өңірлерінде 22 мыңнан астам адамды қамтитын байқаушылар пулын құрдық. Орталық пен аймақтық филиалдар байқаушыларды толық қамтыған 300-ге жуық оқу іс-шараларын өткізді. Оқу процесінде сайлау заңнамасының негіздеріне ерекше көңіл бөлінеді. Байқаушылардың құқықтары мен міндеттері қарастырылып, сайлау учаскелерінде орын алған заң бұзушылықтарды жою және даулы мәселелерді шешу шаралары түсіндірілді», - деді Партиялық емес байқау орталығының төрағасы.

Оның айтуынша, Орталықтың бастамалары басқа қоғамдық ұйымдардан қолдау тапты. Бүгінде орталықпен серіктестікте 141 ҮЕҰ жұмыс істейді, олар байқаушыларды даярлау мен оқытуға жәрдемдесіп отыр.

«Барлық байқаушылар әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілген, атап айтқанда, байқаушының жұмыс блокноты әзірленді, онда сайлау процесінің барлық ерекшеліктері ескеріліп, бұзушылықтар туындаған жағдайда байқау және тіркеу үшін қажетті ақпаратпен қамтылды. Сонымен қатар, байқаушылар үшін жадынамалар, сайлау туралы заңнамадан үзінділер, сайлау барысын бақылау ережелері, байқаушылардың міндеттері мен жауапкершілігі және басқа да материалдар дайындалды», - деді Т. Күнәділов.

Сонымен қатар, ол президенттікке кандидаттардың штаб басшыларымен және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) Қазақстандағы сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының халықаралық бақылаушыларымен кездесулер туралы хабарлады.

«Кездесулерде біз орталықтың сайлауды қоғамдық бақылауға қатысуының мақсаттары мен міндеттерін айттық, сондай-ақ азаматтардың ерік бостандығын бұзуға жол бермеу туралы өз ұстанымымызды білдірдік», - деп нақтылады спикер.

Сонымен қатар, Партиялық емес байқау орталығының өкілдері бірқатар сайлау учаскелеріне барып, олардың дауыс беруге дайындығымен танысты.

Орталық басшысы хабарлағандай, 20 қарашада сайлау күні байқаушылар әр учаскеде оның ашылуынан бастап дауыстарды санау аяқталғанға дейін болады.

Әрбір байқаушыға барлық алынған мәліметтер мен анықталған бұзушылықтарды тіркейтін арнайы жұмыс блокноты берілді.

Байқау қорытындысы бойынша блокноттар талдау жүргізу және байқау барысы туралы анық қорытынды ақпаратты дайындау үшін Орталықтың штабтарына берілетін болады.

Дауыс беру күні бойы байқау процесі мен байқаушылардың қызметін үйлестіру үшін жедел республикалық және өңірлік штабтар жұмыс істейтін болады.

Байқаушылар берген деректер бойынша учаскелердегі ағымдағы жағдайды Партиялық емес байқау орталығы әлеуметтік желілерде жариялайтын болады.

Бақылау нәтижелерін Орталық 21 қарашада жариялауды жоспарлап отыр.

«Байқаушы болу- елеулі жүктеме және үлкен жауапкершілік. Еліміз үшін осы жауапты сәтте біздің басты мақсатымыз - сайлау барысында заңдылықтың сақталуына  және дауыстарды санауға қоғамдық бақылау жүргізуге атсалысу екенін еске салғым келеді», - деп толықтырды Төлеген Күнәділов.

Партиялық емес байқау орталығы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

106 пікір

  1. аватар
    Eartha 16 ноября 2024 15:07

    абайдың он тоғызыншы қарасөзі
    сабақ жоспары, абайдың ең қысқа қара сөзі саган
    гашык жигиттер коп алайда музыка скачать, инстаграмда хит болайық скачать тоо миле,
    miele kz топ железо для пк, комплектующие для пк шымкент

    my webpage: педагогтың кәсіби
    құзыреттілігі

  2. аватар
    Gaston 17 ноября 2024 22:51

    сүйінбай аронұлы шығармашылығы, сүйінбай аронұлы арнау
    форма собственности филиала, форма
    собственности организации рк сағыныш қысқаша мазмұн,
    ақынның сағыныш өлеңі кімге арналған вернадский тірі
    заттардың аса тығыз топтануын не деп
    атады, вернадский биосфера ілімі

    Stop by my web page - 5
    сынып менің атым қожа

  3. аватар
    Larue 25 февраля 2025 22:50

    heyy there and thqnk you for your info ? I have defjnitely picked up something new
    from right here. I did however expertiise several technical issues using this website, as I experienced to reload the website many times
    previous to I could get it to load correctly. I had been wondering if your hosting is OK?
    Not that I'm complaining, but sluggish loading
    instances times will often affect your placement in google and coild damage your high-quality
    score if ads and marketing with Adwords. Anyway I am adding this RSS to
    my e-mail and ould look out ffor a lot more of your respective interesting
    content. Ensure thzt you update this again very
    soon..

    my website - https://cybersecurityblogger.com/with-study/

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.