Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының 100 жылдығы аясында Көшпенділер ойындары таныстырылды

Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының 100 жылдығы аясында Көшпенділер ойындары таныстырылды

Испанияның Санта Сусанна қаласында Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының (AIPS) 86-шы конгресі өтті. Оның аясында биыл күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы таныстырылды.

Биыл ғасырлық мерейтойын атап өтетін, журналистер «спорт басылымдары арасындағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы» атап кеткен AIPS конгресі жыл сайын әлем елдерінде ротациялық негізде өткізіледі.

1924 жылы құрылған AIPS – спорт тақырыбына маманданған журналистердің халықаралық кәсіби ұйымы. Қазіргі уақытта 100-ден астам елде 8000-ға жуық мүшесі бар.

86-шы AIPS конгресі аясында Қазақстан делегациясы 2024 жылғы 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын таныстырды. 

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басты миссиясы – әлемдік этноспорт қозғалысын дамыту, жаһандану дәуірінде тарихи-мәдени мұраны және әлем халықтарының алуан түрлілігін сақтау, этноспорт түрлерін, әлем халықтарының дәстүрлі ойындары мен сайыстарын халықаралық аренада насихаттау, дінаралық және мәдениетаралық диалогты, әлем халықтары арасындағы өзара түсіністік, достық пен келісімді нығайту екенін түсіндірді. Қатысушыларға Қазақстан үкіметінің бұл іс-шараға ерекше мән беретіні де айтылды.

Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының президенті Джованни Мерлоның пікірінше, «Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу - Ұлы даланың ғасырлар бойғы бірегей мәдениетімен танысуға үлкен мүмкіндік береді. Еліңіздегі су тасқынына қарамастан, Қазақстанның ойындарды өткізуден бас тартпағаны қуантады. Бұл Қазақ елінде спортқа зор мән берілетінін айғақтайды».

 «Біз өзіндік креативті стилі бар, әлеуеті зор Қазақстандағы спорт журналистикасын асқан қызығушылықпен бақылап отырмыз. Қазақстан делегациясы AIPS форумдарына белсенділікпен қатысып, оның барысында өз бастамаларын тұрақты негізде ұсынып келеді», - деп атап өтті Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы Азия бөлімшесінің (AIPS ASIA) бас хатшысы Амджад Мәлік.

«Форумға қатысушылар су тасқынына байланысты еліміздің бірқатар маңызды халықаралық іс-шарадан бас тартып, бюджет қаражатын үнемдеуіне қарамастан, Қазақстан әлі де Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге дайын екенін құптады», - деп түйіндеді Конгресте еліміздің атынан сөйлеген Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы Азия бөлімшесінің (AIPS ASIA) атқарушы комитетінің мүшесі Ілияс Омаров.

Сондай-ақ, AIPS Конгресі аясында «Sport Plus Qazakhstan» жаңа телеарнасының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар, қазақстандық делегация өкілдері Қауымдастықтың 100 жылдығы аясында тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанда жас тілшілер үшін (AIPS Young reports) халықаралық AIPS семинарын ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

66 пікір

  1. аватар
    Javier 31 октября 2026 01:48

    If you have active restriction settings enabled
    on your banking profile, avoid attempting to bypass them.
    Certain institutions offer account options to restrict gambling-related
    transfers, including outgoing PayID payments sent to
    online casinos. Always review cashier terms for cost details prior to
    approving a transaction. Your banking provider imposes independent daily limits on outgoing PayID and Osko
    transfers. Within our index, VegasNow permits minimum deposits
    starting at AU50 up to AU7,500 weekly limit.

    References: https://clubelectronicos.com/foro-electronica/topic/online-pokies-australia-pay
    id-real-money-best-fast-sites-for-aussie-players-2026/

  2. аватар
    Ludie 31 октября 2026 03:47

    Auch wenn ihr im Casino online schnelle Auszahlungen nutzen wollt, solltet ihr verantwortungsvoll mit eurem Echtgeld umgehen. Wenn
    ihr eure Gewinne vom Online Casino mit schnellster Auszahlung erhalten möchtet, solltet
    ihr einige einfache, aber wichtige Grundregeln beachten. Eine Online Casino Klarna Sofort Auszahlung oder ein Casino mit
    Trustly Auszahlung setzt auf Instant Banking.

    Ein Casino mit Paysafecard Auszahlung spricht vor allem sicherheitsbewusste Spieler
    an. Ein Online Casino mit Skrill Auszahlung oder eine Online Casino Neteller Auszahlung werden meist bevorzugt bearbeitet.



    References: https://forum.datatableswebutility.net/

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.