Р. Ердоған: Қ. Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформалары мен кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу жөніндегі бастамасын қолдаймын

Р. Ердоған: Қ. Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформалары мен кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу жөніндегі бастамасын қолдаймын

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Көшпенділер ойындарына әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысуда. Қазақстанның атынан 50 спортшы сайыстың бес түрінен бақ сынасады. Олар – көкпар, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, көк бөрі.

Мәжіліс Төрағасы дүбірлі дода алдында Қазақстан құрама командасы мүшелерімен арнайы кездесті. Оларға Мемлекет басшысының жылы лебізін жеткізіп, жеңіс тіледі.

Мәжіліс Спикері Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бауырлас елдердің мәдени байланыстарын күшейтіп, түркі әлемінің ортақ құндылықтарын әлемге паш етуде маңызы зор екенін атап өтті.

– Қазір күллі Қазақстан халқы сіздерге жанкүйер болып отыр. Қоржындарыңыз алтынға толсын. Қазақ спортшыларының қандай мықты екенін дүбірлі додада дәлелдеп, ел абыройын асқақтата беріңіздер, – деді Мәжіліс Спикері.

Іс-шара аясында Ерлан Қошанов Түркия Республикасының Президенті Режеп Таийп Ердоғанмен кездесті. Мәжіліс Төрағасы Атажұрттан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен зор ықыласын жеткізіп, Түркияда алғаш рет өткізіліп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылуымен құттықтады.

– Жыл өткен сайын біздің мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық артып келе жатыр. Бұл Өзіңіздің Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен достық қарым-қатынастарыңыз бен жемісті диалогтың нәтижесі деп білемін.  Осы орайда Сіздің осы жылғы қазан айына жоспарланған Қазақстанға сапарыңызды асыға күтудеміз. Бұл сапар бауырлас елдеріміздің арасындағы тығыз қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, одан әрі нығайуына зор мүмкіндік туғызатынына сенімдіміз, – деді Ерлан Қошанов.

Өз кезегінде, Түркия Президенті Қазақстанның түркі әлемі мен Түркі мемлекеттері ұйымындағы маңызды рөлін атап өтіп, Мәжіліс Спикеріне IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

– Қазақстандағы тұрақтылық бүкіл өңір үшін маңызды. Бұл орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформалары мен кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу жөніндегі бастамасын қолдаймын. Қазақстандағы үдерістерді ерекше бақылап отырмын. Жалпы, Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қатынастар жоғары деңгейде дамып келеді. Осы орайда парламентаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы зор, – деді Р.Т.Ердоған.

Мәжіліс Спикері Қазақстан Парламенті мен Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысы арасындағы, соның ішінде  парламентаралық ұйымдар аясында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі аухалы туралы баяндап, бірлескен жұмыс барлық сала бойынша белсенді жалғаса беретінін айтты.

Мәжіліс Төрағасы Қазақстан келесі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөнінде ұсыныс бергенін айтып, түркі қоғамдастығы оны қолдайтынына сенім білдірді.

Сонымен бірге Ерлан Қошанов Түркияның бұрынғы Премьер-Министрі Бинали Йылдырыммен кездесіп, тараптар екі ел ынтымақтастығының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив