Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды

Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды

19 қараша, 2021 ж., Түркістан - Бүгін Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды. Ол Ынтымақтастық қорының, Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әріптестігі аясында еліміздің барлық өңірлік орталығы мен республикалық маңызы бар қалаларда ашылатын 17 орталықтың алғашқысы болды. Бастама Азия Даму Банкінің (АДБ) қаражаты есебінен қаржыландырылады және оны Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы жүзеге асырады.

Ұлттық статистика деректері бойынша Қазақстанда әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі 42,3%-ды құрайды. Олардың көпшілігі – осы саладағы жұмыс орындарының 31,4%-ын қамтамасыз ететін шағын және орта бизнес. Бұл ретте, әйелдер бизнесі басым салалар негізінен табыстылықтың орташа деңгейімен сипатталады.

«Қазақстанда, әлемнің көптеген еліндегідей, әйелдер бизнесін ашу және дамыту кезінде әлі де белгілі бір кедергілерге тап болады. Олардың арасында формальды қаржылық тетіктерге, ақпаратқа, қызметтерге, нетворкингке қол жеткізу мүмкін болмай жатады. Гендерлік стереотиптер, оның ішінде үй міндеттерін және отбасы мүшелеріне күтім жасау бойынша міндеттерді бөлуге байланысты стереотиптер, сондай- ақ әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы әйелдердің кәсіпкерлікке тартылу деңгейіне де әсер етеді», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Орталықтар кәсіпкер әйелдерді қаржылай емес қолдау алаңына айналады. Онда оларға стартаптарды іске қосу, жұмыс істеп тұрған бизнесті одан әрі кеңейту және дамыту үшін бірқатар қызмет көрсетіледі, сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен нетворкинг-іс-шараларға қатыса алады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ләззат Рамазанованың айтуынша, орталық – әйелдерге өз мүмкіндіктерін іске асыруға көмектесетін өте маңызды бастама.

«Орталықтың мақсаты – кәсіпкер әйелдерді ақпараттандыру ғана емес, сондай-ақ жобаларды нақты қолдау және сүйемелдеу. Мұнда әйелдер бизнесін дамытуға бағытталған зерттеу, маркетинг, оқыту және басқа да іс-шаралар өткізіледі. Мұндай алғашқы орталық әйелдер бизнеспен белсенді айналысатын Түркістан облысында іске қосылды. Өңірде кәсіпкерлердің 33%-дан астамы – әйелдер. Бұл бастама өңірдің қасиетті жерінде әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенімдімін», – деп атап өтті Ләззат Рамазанова.  

Орталықтар әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, оқыту, кооперация және қажетті құзыреттерді қалыптастыру арқылы олардың экономикалық белсенділігін ынталандыруға, сондай-ақ бизнесті қолдау бағдарламалары аясында жеңілдікті кредиттер мен гранттар беруге, әйелдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, әйелдер мен олардың ұйымдары өндірген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу нарықтарын дамытуға ықпал ететін болады.

«Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуды қолдау әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, теңсіздіктерді азайтуға, сондай-ақ халықтың әлеуетіне сүйене отырып, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ете отырып, неғұрлым тұрақты экономикалық өсуге септігін тигізетін болады. Біз бұл бастаманы Қазақстанның түкпір-түкпірінде қолдауға қуаныштымыз», – деп атап өтті БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш.

«Экономикалық құлдырауға әкелген короновирустық пандемия көбінесе әйелдерге қатты әсер етті. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарын құрy әйелдерге өз бизнесін дамытуға, жаңа мамандықтарды игеріп, көшбасшылық әлеуетін жүзеге асыруға көмектесетініне сенімдіміз», - деді АДБ Қазақстандағы директоры Нариман Маннапбеков..

Айта кетейік, 2021 жылы орталықтар Алматы және Маңғыстау облыстарында ашылады. 2022 жылы еліміздің барлық өңірінде ашу жоспарланып отыр.

Еске салайық, дүние жүзінде бизнеспен айналысатын әйелдерді қолдау мақсатында 19 қараша күні әйелдер кәсіпкерлігі күні аталып өтеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

121 пікір

  1. аватар
    Percy 11 ноября 2026 03:09

    Head over to your internet banking mobile app or online banking page on your
    desktop computer to fill in the required information to complete the transfer.

    The actual process of transferring money into your casino account is quite simple and should be complete within a few minutes.
    Use the exact reference the casino gives you, or the payment may not be matched to your account.


    References: https://www.kwproduct1.com/forum/topic/views-on-australian-pokies-bank-transfer
    -deposit/

  2. аватар
    Kimberly 11 ноября 2026 08:35

    We've filtered the list to operators that combine Neosurf support with solid game libraries,
    fair terms, and reliable payouts. Yes, most Neosurf
    casinos have a minimum deposit, typically set at $10.
    A modest minimum low deposit casino neosurf australia is usually a good sign, it lets you test payments, lobby speed, and withdrawal handling without putting
    too much cash at risk.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.