ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҮШ ЕЛІНЕН КЕЛГЕН КОМАНДАЛАР АЛҒАШҚЫ INNOVATION {AND MOTIVATION} DATA LAB ШЕҢБЕРІНДЕ МЕДИАЖОБАЛАР ӘЗІРЛЕЙДІ
2019 жылдың 24-25 мамыр аралығында Нұр-Сұлтандағы Астана хабында «Ашық деректер журналистикасындағы инновация {әрі мотивация}» атты практикалық зертхана (Innovation and Motivation Data Lab) өтеді. Бұл шараны Internews-тің Қазақстандағы өкілдігі АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қатысуымен ұйымдастырып отыр. Lab жұмысының барысында қатысушылар ашық деректермен жұмыс істеу әдістемелері мен дағдыларын жетілдіріп, соның негізінде қызықты әрі қолжетімді медиажоба идеяларын дүниеге әкелмек.
Әрбір жоба зертханаға арнайы шақыртылған мамандар тобы тарапынан қарастырылып, толықтырылады:
- Иван Печищев (Ресей) - «Жаңа медиаоқытушылар достастығы» ҮЕҰ-ның директоры, медиамаман;
- Олег Хоменок (Украина) - «Тергеу журналистерінің ғаламдық желісі» кеңесінің мүшесі, Интерньюстың Украинадағы аға медиакеңесшісі;
- Вадим Шмыгов (Беларусь) - белгілі визуалды журналист әрі дизайнер, Infographics TUT жобасының оқытушысы;
- Андрей Газин (Украина) - дата-журналист, деректерді визуализациялау және ашық мемлекеттік деректер бойынша маман.
Innovation and Motivation Data Lab шеңберінде дайындалған үздік медиажобаларға Орталық Азия медиабағдарламасы (MediaCAMP) аясында арнайы грант беріледі. MediaCAMP USAID тарапынан қаржыландырылады. USAID – бұл Орталық Азия халықтарымен бірге әлеуметтік және экономикалық әлауқатты көтеруге бағытталған американдық алдыңғы қатарлы үкіметтік агенттік.
Күні: 24 мамыр 2019 жыл
Уақыты: 9.00
Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, C 4.6-павильон.
Кез-келген қосымша сұрақтар бойынша және журналистерді аккредитациялау үшін +7 705 400 0995 телефоны арқылы Анна Сухачевамен хабарласыңыз.
[xfvalue_img]
38 пікір