150 сотталған эвакуацияланды

150 сотталған эвакуацияланды

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар мәселелері қаралып, Қазгидромет пен Қазсушар мәліметтеріне сәйкес №27 мекеменің орналасқан жері ең қауіпті аймақ болып табылды. Осыған байланысты №27 мекемедегі 150 сотталған Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесіне эвакуациялау жұмысы Ұлттық Ұланның арнайы вагонымен жүзеге асырылды.

«Бүгін №60 мекемеге этаппен келген 150 сотталғанның жеке ісімен мекеменің арнайы бөлім қызметкерлері танысып, келген арнайы контингентті орналастыру, оған медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сотталғандар арасында жанжалдарды, қашуды, топтық бағынбауды, жаппай тәртіпсіздікті, мүлікті бұзуды және өзге төтенше оқиғаларды болдырмау жұмыстары жүргізілуде. Мекеме тарапынан бұл сотталған азаматтарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру жөнінде өтінішхаттар беру мерзімдерінің келгені туралы уақтылы хабардар ету, тиісті материалдарды сотқа жіберу жеңілдіктері кезең-кезеңімен іске асатын болады. Сонымен қатар, өтінішхаттарды соттар мен прокуратура алдында тезірек қарау және шешім қабылдау мәселесі басты қағалауға алынды, - деді №60 мекеме бастығы, подполковник Мақсұт Өтетлеуов.»

Этаппен келген сотталған азаматтар мекемеге орналасып, оларға эвакуациялаудың уақытша екендігі және су тасқыны жағдайы тұрақты болғаннан кейін келген қаласына қайтарылатыны жөнінде түсіндірме жұмысы өткізілді.

Адина Ұзақбай

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

44 пікір

  1. аватар
    Stephaine 19 августа 2026 14:34

    Every casino on this list dangles bonuses, but none of them are free money.
    For example, if you deposit with a card, then try to withdraw
    to crypto, the casino will likely flag this. It takes two minutes, yet saves you days
    of frustration later. Skrill and Neteller are the main e-wallet options
    you’ll find, and they work pretty well for quick withdrawals.
    I test actual withdrawal speeds with PayID,
    crypto, e-wallets, plus cards. I verify this license on the authority’s actual website,
    to make sure there’s no funny business going on.

    References:
    payidpokies1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.